Қостанай политехникалық колледжінің еріктілері әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа өздерінің қарсылығын флэшмоб арқылы білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап. Студенттер бұл шараға тиянақты дайындалыпты. Өздерімен бірге «Әйелдерге зорлық-зомбылық тоқтатылсын!» деген жазуы бар плакат алып шықты. Флэшмобтың би қимылдарын үйренді. Студенттерге мұндай флешмоб өткізу идеясын әйелдерді жәбірлеуден қорғап жүрген полицейлер берген екен. «Биыл біздің акцияға тұрмыстық озбырлық, зорлыққа қарсы жігіттер қыздармен ...
Толығырақ »Таспа
ҚМПУ-ге академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске салайық, осы жылдың наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болды. Мұнан соң өңірдің зиялы қауым өкілдері университетке қазақтың ұлы ғалымы Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Күні кеше білім ордасына Астанадан қуанышты хабар жетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №754 ...
Толығырақ »Федеров ауданы орталығына газ келді
Қостанай облысы Федоров ауданының орталығына көгілдір отын берілді. Село ішіндегі газ құбырларының өткен жылы басталған құрылысының бірінші кезегі аяқталды. Іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, тұрғындарды құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында Федоров селосын газбен қамтамасыз етіп отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын үлкен магистральды газ құбырының құрылысы аяқталған болатын. Рудный қаласынан басталған 68 шақырымдық құбыр Қашар кенті арқылы ...
Толығырақ »Әулиекөлде — жаңа әкім
Қостанай облысының Әулиекөл ауданына жаңа басшы келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетов Әулиекөл ауданының жаңа әкімін тағайындады. Жергілікті активке ауданның жаңа басшысы Асxат Қисықов таныстырылды. Ол бұған дейін Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал ауданның бұрынғы әкімі Жансұлтан Тәукенов облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы қызметіне ауысқан болатын. Өңір ...
Толығырақ »Шота ОСПАНОВ, Жанкелдин ауданының әкімі: Цифрландыру жұмыстары жалғаса береді
Жанкелдин ауданы облыс орталығынан тым шалғайда жатыр. Соған қарамастан бұл өңірде де «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы батыл жүзеге аса бастады. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аудан әкімі Шота Оспанов ақпарат берді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласына басымдық берудің маңызы зор. Бүгінде ауданда 29 мың гектар егістік алқап түгелдей цифрландырылды. Қазір аудан шаруашылықтары жайылымдарды цифрландыруды жүзеге асыруды қолға алып ...
Толығырақ »Арқалықтағы құс фабрикасында жарылыс болды
Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында «Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасында жарылыс болып, құс базасы ғимаратының бір бөлігі құлап кетті деп хабарлайды NUR.KZ. Төтенше жағдай Арқалық маңындағы құс фабрикасында түнде сағат екілерде орын алған. Алдымен қызметкерлер «Агроинтерптица» ЖШС аумағында құс базасы жанып жатқанын көріпті. Бұл нысан жас құстарды өсіру үшін қолданылған екен. Анықталғандай, жарылыс салдарынан құстарды қоректендіруге арналған «Bigdocman», «Salmac»маркалы арнайы құрал-жабдықтардың ...
Толығырақ »Қостанайда жас жігітті пышақтап кетті
Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде жас жігітті пышақтап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға кеше Қостанай қаласында болған. «29 жастағы ер адам 23 жастағы жігітке пышақ жұмсаған. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілді», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Полицейлер күдіктінің «ізін суытпай» қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары ...
Толығырақ »7-20-25: Қостанайда пәтер құны қанша?
Қостанай облысында «7-20-25» бағдарламасы аясында 60 өтінім қабылданды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде «Баспана» АҚ серіктестермен жұмыс департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Қуанышев айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері 17 пайыздық өсіммен 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 60 өтінім қарауға келіп түсті. Қазіргі кезде «7-20-25» бағдарламасы ...
Толығырақ »Елбасы білім беру жүйесін жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
Бүгін Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жиын барысында отандық білім беру жүйесін биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың бағыттарына сай одан әрі жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды. – Біздің барлық даму жоспарларымызда ғылым саласына зор мән беріледі. Ғылымның жағдайы білім деңгейіне тікелей байланысты. ...
Толығырақ »157 мемлекеттің ішінде 10-орынды иелендік
Қазақстан адами капиталды дамыту индексінде 31-орынды, оның ішінде білім беруді дамыту индексі бойынша 157 мемлекеттің ішінде 10-орынды иеленеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік банктің білім беру тәжірибесі бойынша басшысы Harry Patrinos айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап. «Бірқатар елде төмен нәтиже екенін көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Сингапур адам капиталын дамыту және білім беруді дамыту бойынша ...
Толығырақ »