Туынды

Қасқырдың қолқасына сұғылған қол

  «Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда» деп ұлы Абай айтқан қазақтың аңшылық салт-дәстүрінен асқан ғанибет мен үшін де кездесе қоймайтын сияқты. Бәлкім, бұлай деуіме өзім туып-өскен ауыл аңшыларымен етене араласып, солардың тәжірибесін жас санаға сіңіріп өскендіктен бе, кім білсін?!. Айтқандай, мен он жасымнан бастап көнекөз шалдардың қасында жүріп, аңдардың күз айларындағы жалғыз аяқ соқпағы ...

Толығырақ »

Сөнбес сәуле

                     ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, әнші, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Ермұрат Зейіпханұлы жайында 1975 жылдың күзінде мектепті тамамдағаннан кейін, ҚХР ШҰАР Күнес ауданы Телғара ауылындағы мектепте жылға жуық жұмыс істедім. 4-сыныпқа сабақ беріп жүргенімде сыныптағы сүйкімді келген, ақсары бала ерекше көзге түсетін. Ол тек сабак үлгерімімен ғана емес,  ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі-5

29 қазан Біздің үйдегі теледидар кабелдік жүйеге қосылған. Бірақ мақтанғандай болмайын, бұл жүйе қазір кез келген үйде бар ғой. Айтайын дегенім, Әлімнен кейінгі нағашымның 4 жасар кіші ұлы Әмір үйде тіптен теледидар көрсетпейді. Қазақ тіліндегі бағдарламаларды көрейін десем, «Nikelodeon» деген шетелдің күндіз-түні мультфильм беретін арнасына қосып қойып, соған телміріп отырғаны. – Әмір, сен далаға ойнап келе қойшы, кәмпит беремін. Мен ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі-4

14 қазан Бүгін талантты жазушы Төлен Әбдікұлының «Парасат майданы» атты хикаятын оқып бітірдім. Керемет жазылған шығарма екен. Кезінде танымал жазушы Әбіш Кекілбайұлы осы туынды туралы: «…қайталап айтып беруге келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойың он саққа, санаң сан саққа жүгіріп, ойланасың, тебіренесің. Ойлаған сайын ойсырай құлазып, тебіренген сайын теңселе күйзелесің. Нағыз өнердегі «шок терапиясы», — деп жазып, жоғары бағасын ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі-3

2 қазан Астанада күн суытып барады. Әрі қай жақтан шыға беретіні белгісіз, әйтеуір дамылсыз соққан өкпек жел. Бір тыным жоқ-ау, тыным жоқ. Бұл жақта қыс қатты болады ғой. Қар молынан түседі. Бірақ қала көшелерінде тракторлар ерсілі-қарсылы жүріп, қардан тазартады. Сыпырады. Содан соң да жеңіл машиналар емін-еркін жүреді. Астанада өткен Жаңа жыл мерекесін теледидардан көргенім бар-ды. Сонда кәдімгі алаңда мұздан кішігірім ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі-2

18 қыркүйек Бүгін сыныптасым Саматпен төбелесіп қала жаздадым. Бірақ сабыр сақтап, өз-өзімді салмақты ұстадым. Өзім ауылдан жақында ғана келдім ғой?! Ол да біреуді мазақ қылмаса тұра алмайды-ау, тұра алмайды. Маған «Солақай, солақай, ұялсаңшы, балақай» деп өзінше ұйқастырып, әбден зықымды шығарды. Енді «шыдамның да шегі бар» демей ме?! Содан оған «мен солақай болсам, сен шошқасың!» деп айтып салдым. Балалар ду күлді. ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі

Менің кешкісін күнде, тамақтанып болған соң, бой жазып қайту үшін аулаға шығатын әдетім бар. Сол әдетпен ауланы әрлі-бері кезіп, енді орындыққа отыра бергенімде, қоңыр түсті дәптер көзіме оттай басылды. Қағаз «кеміріп» үйреніп қалғандықтан ба, әлгі дәптерге еріксіз қол создым. Қолға алған соң, ішін ашып парақтайсың ғой?! Мен де сөйттім. Дәптер мұқабасына маржандай әріптермен «Күнделік. Иесі – Кенжебек Бекасылов, 8 «А» ...

Толығырақ »