Біздің мектепті тәмамдауымыз 1990 жылға, яғни КСРО-ның ыдырау кезеңіне сай келді. Арманым тарихшы, яғни саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы және этнология саласы маманы болу еді. Ойласа келе, туған жеріме бір табан жақын Қарағандыға жол тарттым. Ол кезде Қазақстанда екі университет қана болатын, бірі КазГУ, яғни, Ә.Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ал, екіншісі, КарГУ, яғни, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Біз сияқты ...
Толығырақ »Тәлім
«АХМЕТ ұшқан алтын ұя»: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы семинар өткізді
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «АХМЕТ ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары өтті. Аты айтып тұрғандай, семинар жұмысы Ахмет бабамыздың кіндік қаны тамған туған жері А.Байтұрсынұлы ауылында ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар Байтұрсын әулетінің қорымына барып, аруақтарға арнайы құран бағышталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Іс-шараға Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, AMANAT партиясы Жангелдин аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты ...
Толығырақ »ТАҒДЫРЛАСТАР: Арқалық және саяси қуғын-сүргін ұрпақтары
#форумнан кейінгі ой Халықаралық жобаның шағын қалаға келуі Сонымен, Арқалық қаласындағы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жобаның аясында өткен «Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форум аяқталды. Оның халықаралық түгілі республикалық іс-шаралар өткізіле бермейтін қалада ұйымдастырылуының мәні зор. Биыл 13-ші рет өткізіліп отырған бұл жоба республиканың түкпір-түкпірінде осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдарды, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарын ...
Толығырақ »Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі
2021 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасы, «Саналы ұрпақ-2050» қоғамдық бірлестігі және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұйымдастыруымен «Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары мен тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен білім бөлімдерінің қазақ тілінің әдіскерлері қатысты. Семинарды Қостанай облыстық Тіл басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова ханым ашып, семинар жұмысы екі секция бойынша ...
Толығырақ »Алтын қолды абзал адам
Марат аға! Бұл сәби күннен санада сақталған, жүректе жатталған, аса құрметпен аталар есім еді. Марат ағаның отпускіге келуі – Көкалат үшін тосын мереке іспетті еді. Елдің бәрі сыйлы мейманды қонаққа шақыруға кезекке тұрар еді. Апам әулеттің қыздарының ауылдағы үлкені болғасын, алдыңғы кезек біздің үйге тиер еді. Сол күні тәтелерім үйдің кішкентайы мені жуындырып, киіндіріп, жұтындырып қояр еді. Әдетте өзіне меншіктеп, ...
Толығырақ »ЕҰУ-да дарынды студенттерді анықтайтын халықаралық пәндік олимпиада өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы аясында бүгін, 6 қарашада Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «5В042200–Баспа ісі» мамандығы бойынша cтуденттер арасында ІV Республикалық пәндік онлайн олимпиада өтті. «Баспа ісі» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындары ғана емес, ресейлік студенттер де бақ сынады. ...
Толығырақ »Кабинетін мұғалімдерге берген директор
Ол білім саласына кездейсоқ келген жоқ. Оны бұл жолға өзі білім алған мектебіндегі ерекше жүйе жетелегендей. Кейіпкеріміз оқыған білім ұясында жоғары сыныптың оқушылары төменгі сыныптың балаларына сабақ түсіндіретін жүйе болыпты. Сол кезде биология пәнінен көптеген олимпиадаға қатысып жүрген оқушы мектебіндегі ерекше жүйе бойынша өзінен кіші балаларды өзі үздік пәннен жарыстарға дайындапты. Кейіпкеріміз білгенін өзгеге үйрететін ұлы қызметтің жанына жақын екенін ...
Толығырақ »МЕН – ЖАУЫНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫМЫН
Биыл екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске жеткенімізге 75 жыл болды. Бірақ ол Жеңісті миллиондаған құрбандармен бірге менің атам, артеллерист жауынгер Кәрібаев Жұмасай да көрген жоқ. «Атам» деп айтудың өзі қиын, себебі ол қаза тапқанда небары 33 жаста болыпты, менің балаларымның кішісі биыл сол жаста… Атамыздың бейнесін көз алдыма елестете алмаймын, өйткені ешбір суреті сақталмаған. Бірақ ақылы мен парасаты дүйім елді ...
Толығырақ »Қостанай облысындағы қазақ мектебі жайы туралы
Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтың «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Мен оны әрі жалғастырып, бала тәрбиесінің отбасына, ошақ-қасына, ал білімінің мектепке де қатысы бар екенін айқым келеді. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.» депті ...
Толығырақ »Жүйрік журналист немесе Ғазағаңның шеберлік лабораториясы
Ғазағаңның есімі бізге бала кезімізден жақсы таныс. Баспасөз беттерінде жарық көрген дүниелерін сүйсіне де қызыға оқып жүретінбіз. Сөйтіп, «шіркін, біз де осы кісілердей журналист болсақ» деп армандайтынбыз. Оның үстіне бүгінде марқұм болған журналист нағашым Мылтықбай Ысмағұл да басқа әріптестерімен қатар оның да есімін атап, қимас студенттік шақтарын еске алып жүретін. Бүгінгі ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 80-жылдары бірге оқыған екен… Есімі де ...
Толығырақ »