«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өз аузынан естіді. Сапар барысында облыс басшысы қаланың бірқатар өмірлік маңызы бар нысандарын аралап, қала активімен кездесу өткізді. Атап айтқанда облыс басшысы Арқалықта жаңадан іске қосылған жел электр станциясы, қала орталығынан Арқалық педагогикалық институтына арналып құрылысы жобаланып ...
Толығырақ »Таңдаулы
Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбыры салынады
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы Primeminister.kz жазды. Облыс әкімдігі мен орталық мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өнеркәсіп, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Үкімет басшысының 2022 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ...
Толығырақ »Президент Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады (ВИДЕО)
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Облыс әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға ...
Толығырақ »Қостанай облысының көкейкесті он проблемасы
Қостанай облысының қазіргі күнгі шешуді қажет ететін басты он проблемасы: 1) ауыз су мәселесі, Қостанай облысы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша республикамызда ең соңғы орын алатын өңір. Қазіргі қарқынмен сумен қамтамасыз ету әлі созылатын түрі бар. Бәлкім облыс бойынша жеке бағдарлама қабылдау керек; 2) Интернет, ұялы байланыс мәселелері. Облыстың аумағында, әсіресе ауылдық жерлерінде Интернетпен, ұялы байланыспен қамтамасыз етілу өте ...
Толығырақ »ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Халық денсаулығын сақтау – әлемнің кез-келген елінің маңызды мемлекеттік міндеті болып табылады. Қызметкердің денсаулығы мен еңбек ету қабілетінен айырылуы медициналық, әлеуметтік, экономикалық және демографиялық проблема болып табылады. Қызметкердің еңбек ету қабілетінен жартылай немесе толығымен айырылуы оны негізгі тіршілік көзінен – еңбек ету қабілетінен айырады. Бұл жалақысынан айырылуына, соның салдарынан материалдық жағдайының нашарлауына әкеледі. Осылайша, қызметкер мен оның отбасының әл-ауқатына, тұрмыс ...
Толығырақ »Тіл комитеті назарына!
Қостанай облысы Білім басқармасына қарасты мектептер туралы қарап отырып, мынадай қызық жайтқа назар аудардым, облыста 454 мектеп бар болатын болса, сол мектептер орналасқан мынадай елді мекендер атаулары құдды Қазақстандағы емес, Ресей не Украинада жүргендей әсер береді екен. Сонымен қатар, Қостанай облысында бірнеше Сарыкөл, Қарасу, Шилі, Убаган (Обаған) атты елді мекендер мен Тобыл атты ауыл мен қала да бар екен. Бір ...
Толығырақ »Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған
Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ұстаз Аятжан Ахметжанұлы өзінің facebook-парақшасында жазды. Міне, біздің оқу ағарту министрлігінің жұмысының тағы бір «керемет нәтижесі!» Қостанай облысында 454 мектеп бар. Оның 112-сі ғана қазақ тілінде, 227 мектеп таза орыс тілінде, 115 аралас (орыс және қазақ тілінде оқытатын) мектеп бар. Орыс мектептерінің 60 пайызын өзіміздің қаракөз балалар ...
Толығырақ »Тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген: Арқалық ЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Арқалық ЖЭО-ның қағаз жүзінде ғана пайдалануға берілу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы қоғам қайраткері Дидар Смағұлов мәлімдеді. Маусым айында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Мәжілісте ЖЭО-ны қайта құруға жұмсалған 7.4 млрд теңге тиімсіз игерілгенін айтқан еді. Бірақ біз бұл туралы 2022 жылдың тамызынан бері Антикорға алғашқы үндеу жазылған кезден бастап дабыл қағып келеміз. Біз әкімдіктің ...
Толығырақ »Қостанай облысында екі әкім жауапқа тартылды
Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу кезінде заңбұзушылықтарға жол берген әкімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдің бірқатар ауданында жолдарды қысқы күтіп-ұстауға бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасудың заңсыз практикасының жолы кесілген. Атап айтқанда Заречный ауылы мен Тобыл қаласының әкімдері әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін конкурстық рәсімдерді айналып өтіп, шарттар бір көзден алу тәсілімен жасаған. Қабылданған шаралардың ...
Толығырақ »Торғай облысы жабылғаннан кейін бұрынғы аудандарда өмір сүру қиындап кетті — Берік Бейсенғалиев
Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бүгін Үкіметке депутаттық сауал жолдап, 1997 жылы Торғай облысы жабылғаннан кейін жол бойында орналасқан бұрынғы аудандарда өмір сүру қиындап, көптеген тұрғын жұмыссыз қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бүгін Үкіметке «Орталық – Батыс» көлік дәлізін құру жобасы бойынша автожол салу және реконструкциялау мәселесін қозғап, депутаттық сауал жолдадық. Көлік дәлізін жобалауға 2016 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард ...
Толығырақ »