Таңдаулы

Журналистерге Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция көрсетілді (ФОТО, ВИДЕО)

Қостанай облысының экс-әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция жергілікті журналистерге көрсетілді, деп хабарлады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Бұл резиденция психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығына берілгені белгілі болды. 31 наурызда қостанайлық журналистерге ғимараттың қандай екені, жоғары лауазымды тұлғалар тұрған жер көрсетілді. Бұл резиденция қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан. Аумақта алты ғимарат, фельдшерлік пункт пен жеке қазандық ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында 200 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 200 миллион теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Астана» телеарнасының мәліметінше, ауданға қарасты Шилі ауылындағы бөгет 2020 жылы салынған. Үш жылға шыдас бермеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары ауызсусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы. Оқи отырыңыз: Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты Еске салайық, сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс ...

Толығырақ »

Қостанай жемқорлық жиі тіркелетін өңірлер қатарында

Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау көрсеткіші артқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. Биыл қаңтар-ақпанда елімізде 438 қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Айта кетсек, өткен жылы (қаңтар, ақпан) 435 қылмыс тіркелді, жылдық өсім 8,5%. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбіне Алматы мен Астанада тіркеледі. Әр қалада 51 жағдай бойынша, тиісінше 2% және 6,3%. Сондай-ақ, жемқорлық ...

Толығырақ »

Қостанай су басу қаупі жоғары өңірлердің қатарына кірді

«Қазгидромет» РМК гидрологиялық болжамына сәйкес, наурыз айында еліміздің он өңірін су басу қаупі жоғары, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Мамандардың сөзінше, тәуекелдері жоғары өңірлер – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары. «Қазгидромет» тау өзендерінің жағдайын ерекше назарға алып отыр. Ақпан айында температураның жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы ...

Толығырақ »

Қостанайлық шаруаларға жер жетпей жатыр

Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, өңірде 1,3 млн га жайылым бар. Бұл жер қосалқы үй шаруашылықтарындағы мал жаюға пайдаланылып отыр. Бұл жер көлемі жетпейді, тапшылық 1 млн га., деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Аудан әкімдіктері осы мәселені шешу үшін 2022 жылы мемлекеттік қордағы 527,9 мың га жерді халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың жеке ауласын күтіп ұстау бойынша резервте қалдыру жұмыстарын жүргізді, – дейді облыс ...

Толығырақ »

Қостанай облысының тұрғындары үдере көшіп жатыр

Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халықтың үздіксіз көшуі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Бұл туралы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Серік Шайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 2010-2020 жылдар аралығында ішкі көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Аталған өңірлерде ел халқының 36%-ы тұрады. Сонымен қатар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жылу құбырларының 57% әбден тозған

Қостанай облысы бойынша жалпы ұзындығы 810 шақырым жылу желісінің 57 пайызы тозған, деп хабарлайды Zakon.kz. Соның ішінде ең төменгі көрсеткіш Лисаков қаласында. Мұнда 112 шақырым желінің 41 пайызы жаңартуды қажет етеді. Ал ең жоғарғы көрсеткіш Арқалық қаласында. Небәрі 35 шақырымға созылған құбырдың 90 пайызы шіріп тұр. Оны жаңартудың үш жылға межеленген жобасы бар деп жазады qazaqstan.tv. Жалпы былтыр облыста барлығы ...

Толығырақ »

Рудныйда төтенше жағдай жарияланды

Рудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған желілердегі апаттар мен іркілістің жиі болуы себеп болып отыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып ...

Толығырақ »

«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі

Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...

Толығырақ »

Қостанай облысында аралас мектепте қазақ тіліне қарсы арандатушылар шықты (ВИДЕО)

Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин ауылындағы аралас мектепте қазақ тіліне қарсы арандатушылар шықты. Олар бір топ адам болып, оқу орнын бірнеше жыл басқарып, білім ордасын үлкен жетістікке жетелеген Айнаш Даданованың үстінен арыз жазып, жала жауып, оның директорлық қызметінен кетуіне себепші болып отыр. Бұл туралы журналист, «Қазақ тілі» қоғамының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай айтты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. Қала іргесіндегі ...

Толығырақ »