Қостанай мектебінің директоры мұғалімдердің еңбекақысына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталып жатыр. Екінші қалалық сотта оған қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдан 2020 жылға дейін М. мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлердің бос қызмет орны ставкаларын қол астындағыларға үлестіріп келген. Бірақ қосымша жұмыстың ақысын өзі алып отырған. Математика пәні мұғалімінің айтуынша, директор оның жалақысының ...
Толығырақ »Таспа
«Бұрынғы полицей»: Рудныйда балалар үйінің тәрбиеленушісі зорланған
Рудныйда балалар үйінің қызметкері балалар үйінің тәрбиеленушісін екі жыл бойы зорлап келген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Рудныйдағы балалар үйінің қызметкері кәмелеттік жасқа толмаған тәрбиеленушіні зорлағаны үшін қамауға алынды деген ақпаратқа түсініктеме беруін сұрады. «Біз жасөспірім қыз екі жыл бойы зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат алдық. Ол зорлау фактісін дәлелдей алды, өйткені ол ДНҚ-ны жинай алған. ...
Толығырақ »Жол ақысын картамен төлеген қостанайлықтардың ақшалары жоғалып жатыр
Қостанайлықтар автобуспен жүргеннен кейін банк карталарындағы ақшалары жоғалғанын айтып дабыл қағып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. Тіпті қоғамдық көлікті пайдаланғандары үшін түнде де қаражат шешілетін көрінеді. Студент Анастасия Червинская банк картасынан қоғамдық көлікпен жүргеннен кейін бірнеше рет ақша шешілгенін байқаған. Түнгі уақытта да өздігінен төлем жасала береді дейді ол. “Меннен төрт рет ақша шешіп алды. Бір рет ...
Толығырақ »Қостанай облысында педагогтардың 90%-ы вакцина алды
Қостанай облысында педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, тамызда ұстаздар еңбек демалыстарынан жұмысқа оралады. Қазіргі кезде облыс педагогтарының 90%-ы вакцина алған. Процесс жалғасуда, тамызда мұғалімдер еңбек демалысынан шығып, жұмысқа оралады. Олардың арасында жол жүргендер вакцина салдырған. Жаңа оқу жылының басына дейін, бөлек қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп жоспарлап отырмыз, ...
Толығырақ »Қостанай облысының бірқатар ауданында жем-шөп қурап кеткен
Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ. Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, ...
Толығырақ »Клиенттерді бұғаттап отырған: Қостанайда вакцинация паспорттарын «сатқандар» ұсталды
Қостанайда вакцинация паспорттарын «сатқан» екі ер адам ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының 27 жастағы екі тұрғынын анықтады. Олар өздерінің пайдасы үшін COVID-19 вакцинациялау паспорттарын сатумен айналысқан. Олардың айтуынша, шілде айында Telegram әлеуметтік желісінде арнайы аккаунт ашқан. Содан кейін клиенттерді іздеу үшін олар барлық әлеуметтік топтарға вакцинация паспорттарын істей ...
Толығырақ »Қостанай облысының тұрғыны елімізден бөлек Ресейден де зейнетақы алып келген
Қостанай облысының тұрғыны Ресей және Қазақстан азаматы ретінде бір екі зейнетақы алған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Белгілі болғандай, зейнеткер он төрт жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Айыпталушы Ресей Федерациясының төлқұжатын алған, бірақ ол Қазақстан азаматтығынан шығу туралы құзырлы органдарға өтініш беомеген болып шықты. Ол Ресей Федерациясында жасына байланысты 1998 жылдан бастап сақтандыру зейнетақысын алған. Сонымен қатар, 2006 жылы Қазақстан зейнетақыларын төлеу жөніндегі ...
Толығырақ »Мұхамбетов тұрғындарға уақытылы вакцина алуға кеңес берді
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Штаб отырысы барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Р.Айтбаевтың, Арқалық және Рудный қаласы мен Жітіқара ауданы әкімдерінің есебін тыңдаған. Сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 маусым мен 25 шілде аралығында 4 ...
Толығырақ »Токио-2020: Василий Левит нокаутқа түсіп қалды
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі — 91 келідегі Василий Левит қарсыласынан нокаутпен ұтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Василий Левит Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін испаниялық Эммануэль Рейеске қарсы өткізді. Рейес Испания намысын қорғайтын кубалық боксшы. Екі спортшының арасындағы жекпе-жек небары бір жарым раундқа созылды. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Испания өкіліне берген. Екінші раунд басталған тұста қарсыласының ауыр соққы алған ...
Толығырақ »Қостанай ауруханасы тек коронавирус науқастарын ғана қабылдайды
Қостанай қалалық ауруханасында жоспарлы түрде жатқызылуы тиіс науқастарды қабылдау тоқтатылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұған медициналық мекемеде 280 төсек-орындық, оның ішінде 20-сы жансақтау бөліміне жатқызылатын жұқпалы ауруларға арналған стационардың ашылуы себеп болып отыр. 27 шілдеде сағат 14:00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл (оның ішінде травматологиялық пункт) және жоспар бойынша жатқызылатын науқастарды қабылдау тоқтатылды. Алғашқы көмек облыстық ...
Толығырақ »