Таспа

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысының, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған баспаналар салудың  оң қарқыны, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ арнайы техника мен автомобильдер шығару жөніндегі маңызды индустриялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының ...

Толығырақ »

Қостанайда қос ЖОО бірігіп, аймақтық университетке айналады

Биылғы оқу жылында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Сұлтанғазин университеті бірігіп, аймақтық оқу орнына айналады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқу орындарының бірігуі Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асып отыр. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Дощанованың айтуынша, екі университетті біріктіру туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шешім қабылдады. Сол шешімнің негізінде «Жол ...

Толығырақ »

Қостанайда қауіпті ойыншықтар сатылып келген

Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қауіпті ойыншықтарды анықтап, дүкен сөрелерінен алып тастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Ведомствоның бөлім басшысы Рагуль Таженова айтқандай, өңірде балалар ойыншықтары үнемі тексеруден өтіп тұрады. Өткен жылы аумақтық басқармалардың мамандары 167 ойыншық сынамасын іріктеп алған, оның 67-сі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бойынша, дайындаушы немесе өнім беруші ...

Толығырақ »

Қостанай облысының бірнеше елді мекенін су басуы мүмкін

Қостанай облысында су тасқынынан төнетін қатер көп деп хабарлайды «Хабар 24».  Аймақта сегіз мыңдай адам тұратын 96 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Осы ретте құтқарушылардың диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Төтенше жағдай бола қалса, арнайы техникалар да сақадай-сай тұр. Қар мөлшері көп түскен Меңдіқара, Қарабалық, Қарасу, Сарыкөл аудандарына төрт су айдау техникасы мен мотопомпа жұмылдыру көзделген. Облыс аумағынан ...

Толығырақ »

Ы. Алтынсарин музейі жәдігер жинауға волонтерлерді жұмылдырады

Қостанайдағы Ы.Алтынсарин музейі еріктілерді жәдігер жинауға жұмылдырады. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жыл – еріктілер жылы. Осыған орай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі волонтер жастармен бірлесе отырып «Туған жер» жобасы аясында аймақта «Ұлы Дала ұстазы» ғылыми экспедициясын өткізуді қолға алып отыр. Музейде қазақстандық жастар күніне арналған еріктілермен еркін кеш өтті. Мақсат — биылғы Еріктілер жылында облыстағы мәдени ...

Толығырақ »

Арқалықта мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды

Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп беру жиынында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Кешенде 7,5 мың бас малды өсіруге болады. Оның ішінде 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы мен 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды репродуктор болады. Жоба құны 6 млрд ...

Толығырақ »

Қостанайда дирижерлардың халықаралық форумы өтіп жатыр

Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ІІІ халықаралық дирижерлар форумы өтіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Күні кеше форум шымылдығын облыстық филармонияның камералық оркестрі ашты. Абайдың 175 жылдығы мен орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдығына арналған халықаралық форум әлі екі күн жалғасады. Филармония сахнасында әлемнің әйгілі композиторларының шығармалары шырқалды. Сонымен қатар Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен ...

Толығырақ »

Қостанайда заманауи ет комбинаты ашылады

Қостанай қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 450 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру кездесуінде облыс орталығының әкімі Қайрат Ахметов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай қаласында инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Соның арқасында өңір экономикасы ілгерілеп, өндіріс көлемі артып келеді. 2019 жылы қалада 10,2 млрд теңгеге 4 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Қуаты жылына 500 тракторға дейін шығарылатын ...

Толығырақ »

Қостанайда дәрігер мамандар тапшы

Қостанай қаласында дәрігерлер тапшы. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Былтыр Қостанай қаласына облыстың басқа өңірлерінен 106 дәрігер келді. Оларға тиісті жағдайлар жасалып, көтермеақы төленді. Бірақ, соған қарамастан, қалада дәрігер тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта қала емханаларына 187 дәрігер жетіспейді» деді қала әкімі. Кездесуде айтылғандай, биыл қалада жол жөндеу жұмыстарына ...

Толығырақ »

Қостанай облысында тауық еті мен жұмыртқа бағасы қымбаттап кеткен

Бүгін Үкімет отырысында  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша баяндама жасады. «2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 %-ды құрады. Биылғы қаңтар айы мен өткен жылдың қаңтарын салыстырғанда маусымдық баға өсімі 0,3%-ға өсті, бұл — 2 есеге аз. Мұны өткен жылдың алғашқы айында бағаның өсуімен байланыстыруға болады. Бағаның өсу себептері ...

Толығырақ »