Таспа

«Иволга Холдинг» басшысы екі жарым жылға сотталды

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында «Иволга Холдинг» ауылшаруашылық кәсіпорнын басқарған қостанайлық кәсіпкер В.Розиновке қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске салайық, «Иволга Холдинг» ЖШС бұрынғы басшысы Василий Розиновке аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Бүгінгі сот отырысы ашық түрде өтті. В.Розинов өзінің қызметтік жағдайын, кәсіпкерлік беделін пайдаланып, қаржы институттарының сеніміне қиянат жасай отырып, өз мүдделерін көздейтін ...

Толығырақ »

40 мың теңге: Қостанайда екі полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған тәртіп сақшыларын тергеуге алды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қостанай облысы жол-патрульдік полиция қызметкері мен Қостанай қаласы Полиция басқармасының «Оңтүстік» бөлімінің жедел кезекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар жол-көлік оқиғасы қатысушысынан 40 мың теңге алып, жазаға тартпауға уәде еткен» деді ведомстводағылар. Қазір тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Толығырақ »

Қостанай облысында мемқызметшілер жетіспейді

Қостанай облысының ауылдарында кадр тапшылығы байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша lепартаментінің басшысы Асхат Искендиров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысының 20 қаласы мен аудандарында 734 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оларда 6254 мемлекеттік қызметші бар. Алайда ауылдық жерлерде кадр тапшылығы байқалады. «Облыстың мемлекеттік органдарында 562 бос орын бар. Барлығы 240 ауылда ...

Толығырақ »

Арқалықтық бойжеткенді 14 жігіт зорламаған болып шықты

Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов Арқалық қаласындағы қыз зорлау ісіне қатысты мән-жайды айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Іс материалдарында көрсетілгендей, 2018 жылдың 19 сәуірінде Арқалық қаласы Екідің ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін 14 адамның зорлағанын, кейін жүкті болып қалғанын айтып, полицияға арыз жазған. Бірнеше күннен кейін ол белгілі адвокат Айман Омароваға хат жолдаған. Жәбірленуші өзіне ...

Толығырақ »

Өзбектер Қостанайда шығарылған көліктерді мінеді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ташкент қаласындағы Қазақстан мен Өзбекстанның ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Айтулы шарада Архимед Мұхамбетов өңірдің автокөлік шығару саласын таныстырған. «Өзбекстан Республикасының аймақтарымен өткен жылғы сауда айналымы 34,9%-ға өсіп, 150 млн АҚШ долларына жетті. Форумда 2020-2021 жылдарға арналған Ташкент облысының хокимияты мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы ...

Толығырақ »

Ертең Қостанайда көктайғақ болады

27 ақпанда, яғни ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліледі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» мекемесіне сілтеме жасап. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 15-20, 23-28 м/с артады. Сондай-ақ 27 ақпан күні Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.  

Толығырақ »

Облыстық Мәдениет басқармасының алқа мәжілісі өтті

Мәдени іс-шаралардың сапасын арттыру, жұмысты жетілдіре түсу. Аудандар мен қалаларда халыққа арналған мәдени нысандар мен демалыс орындарының талапқа сай болуын қадағалау. Мәдениет басқармасы ұйымдастырған алқа мәжілісінде осындай мәні зор мәселелер қозғалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Qostanai телеарнасының сайтына сілтеме жасап.  Жиналысқа аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет бөлімдері мен үйлерінің директорлары және көркемдік жетекшілері қатысқан. Былтыр облыстық Мәдениет басқармасының жоспарлы шараларын жүзеге ...

Толығырақ »

«Қарапайым заттар экономикасы»: Қостанайда 400 жұмыс орны ашылады

Қостанай облысында 400 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» салалық бағдарламасын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыста тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік және басқа да тауарлар өндірісі жобаларына қаржы бөлінді. «Аталған бағытты дамытудың қажеттігі туралы Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында атап ...

Толығырақ »

Қостанайда Ыбырай Алтынсарин ескерткіші бой көтереді

Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин ескерткіші бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  instagram парақшасында жазды.  Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай қаласын дамытудың бірқатар мәселесі талқыланды. Биыл Алтынсарин көшесіндегі 15 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеу және апатты жағдайдағы көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту жоспарланып отыр. «2020 жылы қала аумағында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады. Мысалы, Притобол паркінің оңтүстік бөлігінде ...

Толығырақ »

«Бір апта уақыт беремін»: Архимед Мұхамбетов аудан әкімдерін сынға алды

Қостанай облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларынан тыс қалған аудандар анықталды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz тілшісі. Облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбековтің айтуынша, кейбір аудандар мен қалалар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ісіне немқұрайлы қарайды. Мәселен, Жітіқара, Ұзынкөл, Қарасу, Денисов, Меңдіқара, Жангелдин аудандары және Лисаков қаласының ...

Толығырақ »