Облыстың «Торғай» деп аталуына қарсымын — Архимед Мұхамбетов

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс атауын Торғай деп өзгерту жөніндегі бастамаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі timepress.kz желілік басылымына сілтеме жасап.

Брифингте бастамашыл топтың аймақ атауын өзгертуге қатысты ашық хаты туралы сұрақ қойылған.

«Ол хатпен таныспын. Көрдім. Жалпы ұстанымым – қарсымын, өйткені Қостанай облысының өзінің тарихтан келе жатқан байырғы атауы бар. Қателеспесем, бұл хатқа 17 адам қол қойған. Олардың бірнешеуімен өзім сөйлескен кезде хатқа қол қоймағандарын айтты. Көп ауданда әкім болған Сабыржан Ахметұлы деген кісі «мен бұл хатқа қол қойған жоқпын» деп бас тартып отыр. Қалибек Деріпсалдин деген композитор да хатқа қол қоймағанын айтты. Сондықтан халықты дүрліктіру дұрыс емес», – деді Архимед Мұхамбетов.

Ұсынылған атауға қатысты пікірінде ол бұрыннан қалыптасқан тарихи жер екенін, Торғай атымен аудан орталығы аталатынын айтып өтті.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *