«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы Батырбек Ахметовпен әңгіме өрбітіп, Қордың алға қойған мақсат-міндеттерін таныстырды. Басты құжат Үндеу-Манифестің мазмұнымен танысқан Батырбек Мықансалықұлы негізгі бағыттардың өзектілігіне тоқталып, сәттілік тіледі. «Әсіресе, Заң алдындағы теңдік ¬– өте маңызды. Өз ісіне жауапкершілік алмайтын органдар бар. Соның салдарынан азаматтардың құқығы тапталып жатады. Мұндай келеңсіздікке жол бермей, ...
Толығырақ »Tag Archives: Абылай Мауданов
Мен қалай депутат болып кете жаздадым?
2011 жыл болуы керек. Мен қалай депутат болып кете жаздадым?Анық білмеймін, бірақ Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңы еді. Аяқ астынан астанадан Жасұлан Айсағали ағам звондап, маңызды бір құжатты поездан күтіп алып, Аманжол Күзембай ақсақалға апарып беруді тапсырды. Айтқанын бұлжытпай орындап, әлгі пакетті тарихшы ағайымның қолына ұстатып, жылыстай беріп едім, ол кісі тоқтатып алды. «Асықпа, бірге оқиық» деп, ашып, бір-бірлеп алып көз ...
Толығырақ »Тірі адамға ескерткіш
Биыл біздің мектеп бітіргенімізге бес жыл. Көктүйнек орта мектебін енді көрместей, есігін қайтып ашпастай болып қоштасқанымыз кеше ғана сияқты еді. Әупірімдеп «Әліппе» ашып, бірінші сыныпқа барған кезімнің өзі тұп-тура бүгінгідей көз алдымда. Кішігірім шөмеледей шашын желкесіне түйген, түйе арбаның доңғалағындай көзілдірігінен шүңірек көзі жылтыраған мұғалима (есімі Шәрипа екен) біздерді жетектеп кабинетке кіргізіп, бой-бойымызбен орналастырды. Бәкенелер бірінші қатарға жайғасты, сидам сирақты ...
Толығырақ »Қостанайлықтар «Үйленуге» шақырады
Гогольдің көрерменін күлкіге көміп, күлдіре отырып «күйдіретін» «Үйленуін» таныстырып жату артық. Қоғамның келбетін әжуамен әшкерелеген шығарманың құдыреті – қанша рет қойылса да, халықты жалықтырған емес. Оның себебі, туынды нысанаға алған тақырыптың маңыздылығында. Баршаны ынтық еткен осынау спектакльді І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры да сахналады. Режиссері — театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан. Таныс та бейтаныс «Үйлену» қостанайлық өнерпаздардың сомдауында ...
Толығырақ »Абылай Маудановтың «Әбдіғапар» драмасы жүлдеге ие болды
Жерлесіміз — белгілі ақын, талантты қаламгер Абылай Мауданов «Нұр Отан» партиясының Жазушылар одағымен бірігіп ұйымдастырған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауынан жүлделі болды. Конкурстың «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериалдар сценариі» аталымында автор «Әбдіғапар» драмалық туындысымен 3-орынды иеленді. Әріптесімізге құтты болсын деген тілек айтамыз! tobyl-torgai.kz Өткен жылдың соңында Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тың серпін бергені белгілі. ...
Толығырақ »«ӘУЛИЕ» ІЗДЕП ӘУРЕ ДЕСЕДІ…
Сыбайластықты сылып тастау департаменті Ұсақ жемқорларды іріктеу басқармасының Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен айналысатын сала бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп, әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған “әдірем қалмағыр” идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді. Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың ...
Толығырақ »«Кnockout… No comment…»
Апақ Сапақов бүгін айрықша толқулы. Қолайнаға құмар бола бастаған бойжеткендей, «айфонын» алақанына алып, айнала әуреге түсіп жүр. Толқитындай реті де бар, өйткені, ең қымбатты адамының туған күні! Жүрегінен жарып шыққан ізгі тілегін әлеуметтік желі арқылы жеткізбек. Алайда, көкейін кернеген керемет сезімі, телефон пернетақтасына тере бергенде, жез шылапшыннан желге қарата төккен судай шашырап, Апакеңнің әбден берекесі қашты. Ал «ұққанға арзан, мәкпасқа ...
Толығырақ »ПОЭЗИЯ «ПЫРАҚТАРЫ»
Әлем-жәлем киінген жас ақын әлдеқандай болып, редакцияның әдебиет бөліміне келіп түскен хаттарға шұқшиып отырған-тын. Кенеттен шаян шаққандай орнынан атып тұрып, қарындашының басын қарш еткізіп тістеп алды да, «тфу» деп қабырғаға қарап түкіріп жіберді. — Қарағым-ау, қара басты ма? Қараптан қарап жараған бурадай жыныңды шашқаның не? – Үндемей газет оқып отырған сақа тілші көзілдірігін шекесіне көтеріп, үрейлі көзбен көршісіне үңілді. — ...
Толығырақ »Парламент… Папуас… Тегін пәтер…
Түс әлетінде әдеттегіше қалалық телеарнаның эфирінен екі байға тиіп, төрт бала тапқан танымал тележұлдыздың қыз кезіндегі концертін көрші-көлем түгел жиналып көріп отырған-тын. Жылан жорғалағандай жыбыр-жыбыр өтіп жатқан жүгіртпе жолдағы «кескін-келбеті қазаққа ұқсамайтын, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген жандарды болашағы жарқын жұмысқа шақырамыз» деген жып-жылы жарнама Ақыштың көзіне оттай басылды. «Мына құрғырлар көріп қойған жоқ па екен» деген күдікпен көзінің астымен көршілерін ...
Толығырақ »