Tag Archives: Коронавирус

Мұхамбетов: әкім мен орынбасарлар халықтың вакцина салдырмағаны үшін жазаланады (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында қала және аудан басшыларын коронавирусқа қарсы вакцинацияның төмен қарқыны үшін сынға алды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Алау» басылымына сілтеме жасап. Мұхамбетовтың айтуынша, халықты вакцинациялау бойынша ең төмен көрсеткіш Қостанай, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалаларында анықталған. «Рудный, Лисаков және Жітіқара ауданының әкімдері осы мәселе бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты, бүгін  шешім қабылдаймыз және Қостанай қаласы әкімінің вакцинация ...

Толығырақ »

Қостанайда карантин талаптарын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

Қостанай облысының тұрғындарына карантин режимін сақтамағаны үшін 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында карантин талаптарының жеңілдетілгеніне қарамастан мониторинг топтарының жұмысы жалғасып жатыр. «Жыл басынан Қостанай облысының мониторинг топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың бес жүзден астам оқиғасын анықтады. Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені ...

Толығырақ »

Коронавирус: Қостанай облысында 38 жағдай тіркелді

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  ​ 2021 жылғы 04 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 38 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,24 % құрады. Ауырғандар: Қостанай қ. — 18, Рудный қ. — 6, Арқалық қ. – 3, Б.Майлин ауданы – 3, Қостанай және Федоров аудандарында 2-ден, Лисаков қ., Әулиекөл, Қарасу және ...

Толығырақ »

Қостанай облысында коронавирустың 38 жағдайы тіркелді

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  ​ 3 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 38 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,24 % құрады. Ауырғандар: Қостанай қ. — 18, Рудный қ. — 7, Арқалық қ. – 4, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 2-ден, Жітіқара қ., Амангелді, Жангелді, Мендықара, Б.Майлин және Федоров ауданында 1-ден. 25 ...

Толығырақ »

Қазақстанның биылғы табысы Apple табысынан 10 есе аз

Әлеммен алыс-берістің артуына жеке министрліктің құрылуы да серпін бере алмады деп жазады inbusiness.kz. Бүгінде бір тосын көрініс қалыптасуда: ресми көрсеткіштерге үңілсек, Қазақстан дәл бір жан-жағынан қыспаққа қалып, экономикалық блокадаға түсіп, санкциялар соққысынан бас көтере алмай жатқандай сезім туады. Өйткені біраз уақыттан бері республиканың дүниежүзі елдерімен сауда-саттығы құлдырап бара жатыр. Биыл бұл көрсеткіш, әсіресе, экспортымыз рекордтық деңгейде құлдырады. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы ...

Толығырақ »

«Қызыл аймақта»: Қостанай облысында коронавирус өршіп тұр

Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да Қазақстандағы «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан.  Ал Нұр-Cұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары аймаққа» кірді. Қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта.

Толығырақ »

Арқалықта ПТР-зертханасы ашылды

Арқалық өңірлік ауруханасынан жұқпалы індеттің белгілерін анықтайтын ПТР-зертхана ашылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыс әкімдігі жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап. Жаңа зертхананың жұмысын Арқалық қаласының орталық ауруханасы жүйелеп отырады. Жаңа зертхананың көмегімен енді дәрігерлер КВИ сынақ нәтижелерін қысқа мерзімде анықтайды. «Өткен жыл Арқалық қаласы үшін де оңайға тиген жоқ. Әсіресе, жаз айларында бізге сырқаттардың диагнозын анықтау өте қиынға соқты. Өйткені, науқастардан ...

Толығырақ »

Коронавирус: Қостанай облысы «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстан аймақтарындағы 27 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы енді. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте 776 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты.   фото: «Костанайские новости»

Толығырақ »

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиында карантин шектеуін сақтау мәселесі қарастырылды. Мониторинг топтары өткен аптада 1 173 нысанды тексерген. Оның ішінде 49 нысан карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзған. «Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары жаппай бұқаралық іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұған қоса бизнес өкілдерінің карантин талаптарын сақтамау фактілері бар екенін атап өткім ...

Толығырақ »

Жітіқара ауданы аумағында санитарлық бекет қойылды

Бүгін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды. Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады. Сондай-ақ бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған. Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі ...

Толығырақ »