Таспа

Коронавирус: Қостанай облысында 38 жағдай тіркелді

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

2021 жылғы 04 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 38 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,24 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. — 18, Рудный қ. — 6, Арқалық қ. – 3, Б.Майлин ауданы – 3, Қостанай және Федоров аудандарында 2-ден, Лисаков қ., Әулиекөл, Қарасу және Сарыкөл аудандарында 1-ден.

27 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 29 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 04 маусым аралығында COVID-19-дың 15905 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 15035.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *