Tag Archives: Торғай

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ: Жайсаңбек салған жол жалғаса береді…

Сабыржан Шүкірұлы 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Қаламгерлік еңбек жолын осы облыстың Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» (бүгінгі «Біздің Торғай») газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Комсомол, партия қызметтерінде болған. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1991 жылдары «Социалистік Қазақстан» (бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы ...

Толығырақ »

Торғайдағы көтеріліске не себеп болды?

1916 жылы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерiлiстерi­нен кеңестiк тарихта көбiрек жазылғаны –Торғай көтерiлiсi. Қазақ даласының кiндiгi, Алаш қайраткерлерiнiң туған жерi –Тор­ғайдағы көтерiлiстi кеңестiк тарих Амангелдi Иманұлы, iшiн­ара Әлiби Жангелдинмен байланыстырса да, мұның шындығы мүлде басқа. 1915 жылдан бастап елге әлеуметтiк қысым күшейдi. Сол кезде әр шаңырақтан жиналатын салық түрлерi: түтiн салығы – 4 сом 50 тиын, земство салығы –3 сом, болыс салығы –3 сом. Осы мiндеттi үш салықтың ...

Толығырақ »

Ахметқан айтқан екен…

Ауыздың аздығы Атақты „Тас мешін„ толғауының авторы  Әбіқай Нұртазаұлының баласы Ахметқан Әбіқаев та шешен, ақын, добырашы, әнші, жыршы кісі еді. Ол кісі алты ай бірге жүрсеңіз де бір айтқан әңгімесін екі қайталамай, бірінен соң бірін ағылтатын. Тіпті, әңгіме қызығына түскенде тамақ ішуге де қолы тимей қалатын. Сондайда Ахаң: -Шіркін, құдай әу баста Ахметқан ғып жаратқан соң екі ауыз неге бермеді ...

Толығырақ »

Өлең кестесін келістірген ақын

Мен алғаш рет Кеңшілікпен бес-алты жасымда танысқан едім. Содан достасып кеттік. Дос болғанда қандай, ауылдағы он бес шақты баланың таңертеңнен кешке дейін бас қосатын жеріміз де бір, ойнайтын жеріміз де бір болатын. Кеңшіліктің әкесі Ағытай мен шешесі Мәр­күлдің сол кездері әрі кетсе отыздан ғана асқан кезі. Ағытай соғыс кезінде басынан жа­раланып келген, көп үндемейтін кісі еді. Кеңшіліктің сөзшеңдігі, арсалаңдап тұратын ...

Толығырақ »

Жол үстіндегі екінші әңгіме

Біз тағы да жол үстіндеміз. Бағыт – туған жер – Торғай. Туған жер – түп қазық, айналып келіп тұрар мекенің. Әрине, әр сапардың өзінің мақсат-мұраты болады, бұ жолғы сапардың да өз реті бар, Алматыдан шығарда бәрі пысықталған, бағдар айқын. Жолбасшы – Кенжекең – Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев, бүгінгі заманның айтулы ғалымы, ғұлама ұстаз, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым ...

Толығырақ »

Туризм жайы толғандырады

  Қазіргі күні ішкі туризм туралы айтатын болсақ сыртқы туризм туралы бір-екі ауыз сөз айтуға да тура келеді. Өздеріңіз білетіндей көк қағаздың қымбаттауынан сыртқа шығатын туристер саны күрт азайып, шетелге барушылар бірден 60-80 пайызға дейін төмендеп кетті. Бұрындары шамамен 10 млн.жуық Қазақстан азаматы шетелдерде демалатын (бірақ бұл жерде статистикалық деректердің әртүрлі екенін ескерген жөн, мысалы, еңбек мигранттары да бұл санға ...

Толығырақ »

«Мәрліні ұмытқан» дəрігердің арды да ұмытқаны ма?!

Қазіргі таңда Қостанай облысында дəрігер маман жетіспейді. Оны құзырлы орындар да жиі айтып жүр. Білікті маман қажеттілігі қатты сезіліп тұрған өңірдің бірі – Қостанай облысының Жангелдин ауданы. Мұнда ақ халатты маман саны аздығымен қатар барының өзі біліксіз сыңайлы. Бұлай деуімізге себеп – сол өңірдің тұрғыны жариялаған жанайқай. Роза есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз жазбасында Жангелдин аудандық орталық ауруханасындағы сорақы оқиғаны баяндаған. Яғни, ...

Толығырақ »

Қасқыр жүрегін жеген жігіт немесе ашаршылықта бір рулы елден жалғыз тірі қалған кім?

Бүркіттің ес білгелі, оңын-солын танығаннан бергі ата кәсібі жылқы бағу еді. Одан қалды әкесі хат танытқаннан кейін аң-құс аулауға да баулыды. Басын сонау қазақтың қасиетті Ұлытауынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзенінің бойын ата-бабасы мекен етіп келе жатқанына да көп уақыт болыпты. Кезінде Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде: «…Сейтқұл көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төсіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына ...

Толығырақ »

Осы жұрт Бірәліні біле ме екен?..

…Батырға да, байға да пана болған Жыланшық – құтты мекен, киелі өңір. Талай тарлан ұлылар қатарында дәулеті асқан байлар да осы өңірден көп шыққан. Себебі, жері малға жайлы, ауасы дертке дауа, жанға шипа, шөбі шүйгін – қыратында қырық түрлі шөп өскен шұрайлы қоныс. Осы ұлы Жыланшық бойында халқына қайырымы мол, қолы ашық, жомарт Бірәлі Бектасұлы мекен еткен. Бұл кісі Қыпшақтын ...

Толығырақ »

Менмұндалаған Мұнанай!-2

Бұл жерде тағы бір шегініс жасап көрейік, жалпы, Мұнанай деген сөзді Меновой, яғни, айырбас не Меновой двормен байланыстаратынын айттық, ондай айырбас сарайлары Орынборда, Троицкіде болған, қазақтар Орынбордағы Меновой дворды да жиі пайдаланатын болған соң, онымен шатастырмас үшін Троицкінің жер аты Мағынаймен атаған дұрыс болар, негізі Мағынай деген жер аты, ол Қостанай облысының Қарабалық ауданында орналасқан, Троицкінің өзі Қазақстан шекарасынан бар ...

Толығырақ »