Tag Archives: Қостанай облысы

Науырзымдық сақшылар ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды

Қостанай облысының Науырзым аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті шаруаның ұрланған жылқыларын тауып берді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Науырзым аудандық полиция бөлімшесіне Қараменді ауылының 68 жастағы тұрғыны арызданып, 6 жылқысы үнемі ауылдан 25 шақырым жердегі жайылымда жүретінін, алайда, биылғы 3 желтоқсанында олардың жоғалғанын біліп, өз бетінше іздестіре бастағанын айтқан. Бірақ ол ісі нәтиже бермегенге ұқсайды. «Оқиға болған ...

Толығырақ »

Қостанай облысында полицияның фронт-офистері ашылды

Қостанай облысының 13 аудан және қаласындағы полиция бөлімшілерінде фронт-офистер ашылды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Азаматтарды қабылдау үшін» фронт-офистері жұртшылықпен тікелей байланыста жұмыс істейді. Президенттің Жолдауын жүзеге асыру барысында ашылған фронт-офистің мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, азаматтарға ыңғайлы қызмет көрсету, өтініштерді қарау мерзімін қысқарту. Кеңсе заманға сай жабдықталып, компьютерлер «Egov» электрондық үкімет порталына ...

Толығырақ »

Таран — Әйет, Глазуновка — Айсары, Затобольск — Тобыл қаласы деп өзгертіледі

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары өңірдегі бірнеше ауылдық округ пен ауылдардың атауын өзгертуге дауыс берді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Alau.kz-ке сілтеме жасап. Таран ауданындағы Таран ауылына Әйет атауы беріледі, ал Таран ауылдық округы Әйет ауылдық округы болады. Сонымен қатар Қостанай ауданындағы Глазуновка ауылына Айсары деп аталатын болады, ал Глазунов ауылдық округы Айсары деп аталатын болады. Осыған дейін республикалық ономастикалық комиссия Затобольск ...

Толығырақ »

Жеріміздің қалай уланып жатқанынан еш хабарымыз жоқ…

1 микрограмм гептилдің 1 литр суға ерітіндісінің өзі адамды сеспей қатырады. Гептил синиль қышқылынан 6 есе улы. Әлемде тек Ресей ғана (Қытай аз мөлшерде қолданады дейді) қолданады. Басқа ешбір ел қолданбайды! Гептил ыдыраған кезде сұмдық зиянды мутаген шығарады. Гептилмен ластанған су бірнеше жылға дейін, топырақ ондаған жылға дейін залалсызданбайды. Ол жинала береді, сұмдық тажалдың әсері 20-30 жылдардан соң білінеді, бірақ ...

Толығырақ »

Біз барлық саланы тиісті қаржымен қамтып отырмыз — Архимед МҰХАМБЕТОВ

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қостанай облысы мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мәслихаттың кезекті сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті қайта қаралды. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жанна Шаймарданованың сөзінше, өңірде әлеуметтік салаға қомақты қаржы бөлінеді. «Өңірде білім саласын дамытуға 2,6 млрд теңге көзделіп отыр. Бұл ...

Толығырақ »

Қостанай облысының 2019 жылғы бюджеті бекітілді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қостанай облысы мәслихатының кезекті сессиясы өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кезекті сессияда 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті қайта қаралды. Алдымен, облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жанна Шаймарданованың баяндамасы тыңдалды. Оның сөзінше, келер жылы өңірдегі барлық саланы ілгерілетуге қажетті қаржының есеп-қисабы даяр. «2019 жылы облысты дамытуға бюджеттен 14 млрд 789 млн теңге қарастырылып ...

Толығырақ »

Тағы бір әйелдің өлі денесі табылды

Қостанай облысында 45 жастағы әйелдің денесі табылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға 2 желтоқсан күні Қостанай ауданында болған. 45 жастағы әйел 1 желтоқсан күні таңертең Затобол ауылындағы үйінен шіркеуге шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған. Арада бір күн өткенде тұрғындар марқұмның денесін саяжайдан тапты. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты рсеми мәлімет таратқан жоқ. 

Толығырақ »

Затобол ауылында 36 жастағы әйел үсіп өлген

Жергілікті полицейлер Қостанай облысы Затобол ауылында өлі табылған әйелге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, 27 қарашада таңғы уақытта Затобол ауылында Ленин-Школьная көшелерінің қиылысында әйелдің денесі табылған. Полицейлер ол аумақты бірден қоршауға алған. «27 қарашада Қостанай аудандық полицияның кезекші бөліміне Ленин-Школьная көшелерінің қиылысында денесінде зорлық белгілері жол әйелдің өлі табылғаны жайлы хабар ...

Толығырақ »

Қостанай облысында орманнан мүрде табылды

Қостанай облысында орман алқабынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 7 қараша күні Таран ауданында болған. Полицияның кезекші бөліміне жергілікті ЖШС нысаны маңынан ер адамның мүрдесі табылғаны хабарланған. «Жедел-із кесу шаралары барысында 56 жастағы тұрғылықты мекен жайы жоқ ер адамның мүрдесі анықталды. Полицейлер үш тәулік ішінде 37 жастағы күдіктіні ...

Толығырақ »

Рудныйда 5 жасар қыз құдыққа құлап кеткен

29 қарашада Полина Цепко дүкенге барып, құдыққа түсіп кеткен. Оны анасы шығарып алмайынша, сол жерде 40 минут отырған деп жазады «Наша газета». «Қызым шошып қалған. Мен оны жақын маңдағы «Талисман» дүкеніне сағат 11:30-да жіберген болатынмын. Алайда, 30 минут келмеді. Содан 7 жасар ұлым Платонды артынан жібердім. Сөйтіп, терезеден қарасам, балам жылап тұр екен», – дейді әйел. Құдыққа түсіп кеткен Полинаны ...

Толығырақ »