«Тасты ауылы жабылады» деген аудиожазба тарап жатқаны белгілі. Бәрі де Елбасының күні кешегі «Нұр Отан» партиясының жиынында «паразит ауылдарды көшіру» туралы мәлімдемесінен кейінгі қауырт қолға алынған шаруа сияқты. Бірақ «болашағы жоқ ауыл» деген критериі қалай анықталады? Оны түсіндіріп беретін жан бар ма?» деп жазады журналист Бақытнұр Әлібай Фейсбуктегі парақшасында. Әңгімеге арқау болған Тасты ауылына тоқталсақ. Бірнеше шаруа қожалығы бар, 1 ...
Толығырақ »Tag Archives: Амангелді ауданы
Мың домбыра шанағынан төгілген «Балбырауын»
Батпаққара даласының көгінен күй төгілгендей болды. Орталық алаңдағы мерекелік іс-шара өтетін орынға мың домбырашының жайғасуы күй тартпай тұрып-ақ керемет сұлу көрініс еді. Аппақ киініп, қолына қоңыр домбыра ұстаған домбырашылар жағалай аққу-қаздар қонып, құс базарына айналған көк айдын іспетті. Олжас Қылдыбаев дирижер таяқшасын сілтеп қалғанда, мың домбыра шанағынан Құрманғазының «Балбырауыны» төгіле жөнелді. Арқаның кешкі май тоңғысыз самалы ерке күйді алысқа алып ...
Толығырақ »Торғайда дүбірлі той басталды
Бүгін Жанкелдин және Амангелді аудандарының 90 жылдық торқалы тойы басталды. Торғайлықтардың төл мерекесіне елдің әр қиырынан көптеген мейман келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те арнайы барды деп хабарлайды Тобыл-Торғай-ақпарат. Жангелдин ауданында аймақ басшысы және Төлен Әбдік, Кенжеғали Сағадиев, Сапар Ысқақов, Сайлау Байзақов бастаған белгілі тұлғалардың қатысуымен «Торғай елі – тұлғалар мекені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, сондай-ақ, қазақ күресінен, «Торғай ...
Толығырақ »Қостанайда Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылуы мүмкін
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің Аманкелді ауданынан бастау алған іссапары Жанкелдин ауданында жалғасты деп хабарлайды «Қостанай таңы» газетінің тілшісі. Аймақ басшысы алдымен 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген су бөгетінің жай-күйімен танысып, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жасалып жатқан бірқатар сақтық шарадан хабардар болды. Одан кейін “Топжарған” спорт кешеніндегі жаңадан пайдалануға берілген күрес залына соғып, сапалы жасалған құрылысына көңілі ...
Толығырақ »Фурманов ауылы неге Кейкі батыр есімімен аталмай отыр?!
Кейкінің кесенесі Торғай өңіріндегі Амангелді ауданының «Жалаулы» деген жері үлкен көтерме жолдың бойында болғандықтан, ерсілі-қарсылы өткен жолаушылардың ел тарихын білетіндері, ата-баба аруағын сыйлайтындары оған автокөлігін тіреп, сондағы Кейкі батырдың бейітінің басына барып, даңқты атасына Құран бағыштайтын. Республикалық теледидардың Торғай өңіріндегі тілшілер қосынының меңгерушісі болып жұмыс істеген жылдары біз де талай рет «Жалаулыдағы» Кейкі батырдың темір шарбақпен қоршалған, цементтен құйып жасалған ...
Толығырақ »Тобыл-Торғай Торсаны
Өзін әлі сергек сезінетін Торсан ақсақал күнделікті ақпаратты қалт жібермейді. Ғұмыр бойы шаруашылық ұйымдастырушы болған соң ба, еліміздің экономикалық саясатын, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді ерекше қадағалап отырады. Ауыл шаруашылығында біржақты жүргізілген істен көштің жүгі ауып қалатынын бүгін осы саланың басы-қасында жүргендер білсе екен деп отырады. Егінмен қатар, мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуі тиіс. Мал мен егін бірін бірі толықтырып отырады, ...
Толығырақ »Кейуананы алдаған кімдер?!
Нұржамал Бозшинаның үй дауымен әуре болып жүргеніне алты жылдан асып барады. 1993 жылы мемлекеттік бағдарламамен берілген, оның өзінде талай табалдырықты тоздырып жүріп әрең алған баспанасын бүгінде басқа біреулер иемдеыніп отыр. Нұржамал апаның айтуынша, үйге иелік еткендердің ісі – заңсыз, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық. «Балаларым әкелеріне қарайласып тұрды» Бозшин Сәбитбектің (Нұржамал апаның жұбайы) отбасы 1983 жылға дейін Амангелді ауданының Крупская (қазіргі ...
Толығырақ »