Қостанайды су басу қаупі бар!

3

Қостанайдың шетіндегі саяжайлар мен 90-нан астам үйді, қала маңындағы он шақты елді мекенді су басып кету қаупі бар. Мамандар осылай деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

Бүгінде облыс орталығында көктемгі су тасқынына дайындық басталып та кетті. Қазіргі сәтте 9 жерден полигон ашылып, қала ішіндегі қар сыртқа тасылып жатыр. Апат төне қалған жағдайда адамдарды эвакуациялайтын орындар да әзірленуде.

Биыл Қостанайда қар жылдағыдан 4 есе көп түскен. «Сақтықта қорлық жоқ», кез келген қатерлі жағдайға дайын тұру керек. Осы мақсатта қалалық әкімдік жанынан арнайы азаматтық қорғаныс штабы жасақталды. Қостанай қалалық әкімдігінің бас инспекторы Самат Жанділдиннің айтуынша, штабта әзірге 104 адам, 38 техника бар. Сондай-ақ инерттік материалдар, яғни, 4 мыңнан астам құм мен тас толтырылған қапшық, өзге де құрал-саймандар дайындалған.

Штаб мүшелері 4 наурыздан бастап кезекшілікке шығып, қатерлі аймақтарды бақылауға алатын болады. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қауіп наурыз айының соңы мен сәуірдің алғашқы апталарында күшейе түсуі мүмкін екендігін айтады.

«Тобыл-Торғай»-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Облыстық штабтың отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты ...