Қазақстанға келуге қызығатындар көп

Америкалық The New York Times басылымы 2017 жылы баруға кеңес беретін әлемнің 52 мемлекетін анықтады. Рейтингте 26-орынға тұрақтаған Қазақстан да бар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы — «Болашақ энергиясы». Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Сондай-ақ рейтинг авторы Тянь-Шань тауларын да атап өтті.

Ал рейтингтегі келесі ондықтың ішінде Канада, Чилидегі Атакама шөлі, Үндістандағы Агра қаласы, Швейцариядағы Церматт шипажайы, Ботсвана, Хорватиядағы Дубровник қаласы, Американың Вайоминг штатындағы Гранд-Титон ұлттық саябағы, Мексикадағы Тихуана, Мичигандағы Детройт пен Германиядағы Гамбург бар.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *