10.01.2017

Биылғы білім гранттарының саны 10 мыңға артады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура мен докторантураға қосымша 10 мың грант бөлінеді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Еліміздегі демографиялық жағдайға қарағанда, алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Осыған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың саны республикалық бюджеттің есебінен 10 мың орынға артатын болады. Бұдан бөлек, жергілікті ...

Толығырақ »

Қытай бизнесмендері қазақ жерін жаулап алмайды

китай Бұл туралы «Ұлы Жібек жолында бірге» байқауының жеңімпаздарын марапаттау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қытай бизнесмендері жерді жаулап алуға мүдделілік танытпайды. Олар бұл жерде қазақстандық серіктестерімен бірлесе жұмыс істеуде» деді елші. Осы ретте Қытай елшісі жер телімдерін беру мәселесін қазақстандық тарап өзі шешуі қажеттігін баса айтты. ...

Толығырақ »

Қытайлар қысқы Универсиадаға спортшыларын қаптатады

Қытай Халық Республикасы Алматыда өтетін ХХVIII Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға тұңғыш рет спортшылардың ең көп санын жібереді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытай құрамасына 119 спортшы студент кіріп отыр, олар ойындар барысында  қысқы спорттың 12 түрі бойынша медальдарды сарапқа салады.  2017 жылдың 5 қаңтарында ҚХР-дің Харбиндегі Спорт университетінде Алматыдағы Универсиадаға қатысатын спортшылардың есімдері жарияланды. Олар — Қытайдың 7 провинциясы, автономдық аймағы мен муниципалитетінде ...

Толығырақ »

Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша тұрады?

2017 жылы 18 наурызда Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекті барып көру құны бір қазақстандық үшін қанша тұратыны белгілі болды деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр — 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан ...

Толығырақ »