Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алда Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысы талқыланды» деп атап өтеді хабарламада. Екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері де сөз болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Сирия бойынша кездесу өткізу мерзімі осы күндері Анкарада өтетін консультация нәтижесіне тәуелді екені айтылған, оны бір аптаға шегеруі де мүмкін.
Еске салсақ, Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты Астанада өтетін келіссөз 23 қаңтарға жоспарланған.
tobyl-torgai.kz