Қостанай облысында «Айбын» президенттік полкінің жаңа шақырылған сарбазы қайтыс болды

Қостанай облысында «Айбын» президенттік полкінің жаңа шақырылған сарбазы қайтыс болды деп хабарлайды tengrinews.kz «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап. Осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен.

Туыстарының айтуынша, Әсет Жүсіпов әскер қатарында екі ай ғана қызмет кеткен. Сарбаз Лисаковск қаласына қарасты Октябрьск ауылында жерленді. Марқұмның анасы Марина Жүсіпова қазіргі уақытта оқиғаның түрлі нұсқасы барын айтады. Ол баласы өзіне қол салуы мүмкін емес дейді.

Ә.Жүсіпов шақырылған Лисаковск қаласының қорғаныс бөліміндегілер пікір білдіруден бас тартыпты. Айта кетейік, тергеу барысында оқиғаның мән-жайын жариялауға тыйым салынған.

 

tengrinews.kz

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *