Астанаға кіру ақылы болады

Қаланың көше-жол желілерінде қысымды, кептелісті азайту мақсатында «Ақылы кіруді» енгізу қарастырылған. Бұл туралы Жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді деп жазады egemen.kz strategy2050.kz-ке сілтеме жасап.

«Қалаға кіруді ақылы қылу бойынша бірқатар бағыттар қаралды. Тиімді шешім шығыс магистралінде IT–шешімі бар 6 тұрақты орнату қарастырылған. Ақылы кіріс  7:00-ден 10:00-ға дейін Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қосшы, Қорғалжын  бағыттарынан кіретін бағытта  орнатылады» деді Б.Игенбердинов.

«Астана LRT» көлік компаниясының директоры Рүстем Халилев айтқандай, бұл шешім адамдарды автобуспен жүруге итермелейді, ал ол қаланың қысымын азайтуға мүмкіндік береді.

«Астанаға кірерде автотұрақ ашылады, жүргізушілер көліктерін сонда қалдырып кете алады. Мақсат кірісті ақылы қылдыруда емес, қаланың кептелісін азайту» деді Р.Халилев.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала маңынан  75 мың көлік келеді, оның  30-40 пайызы таңертең жолға  шығады.

egemen.kz

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *