Ұлттық банк депозитті бірнеше банкте сақтауға кеңес береді

Қазақстанның депозитті кепілдендіру қоры (ҚДКҚ) егер азаматтардың депозиті кепілдендіру көлемінен асатын болса, қаржыны бірнеше банкке бөліп сақтауды кеңес етеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, кепілдендірудің ең жоғары шегі теңгемен 10 млн-ға дейін болса, шет елдік валютамен 5 млн теңгеге дейін.

«Айта кету керек, қордың жұмыс істегелі уақыттан бері кепілдендіру көлемі 400 мыңнан 10 млн теңгеге дейін артқан» деді ҚР Ұлттық банкі Валюта операциясы департаментінің директор орынбасары Нұржан Тұрсынханов.

«Біз Қазақстандағы барлық банкпен жұмыс істейміз. Егер сіздің салған қаржыңыз максималды көлемнен асатын болса, онда қаржыны бірнеше банкке бөліп салсаңыз, біз барлығын да кепілдендіреміз» деді директор орынбасары.

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *