Қостанайлық жасөспірімдер жарылғыш заттан жарақат алды

Қостанайда 14 қаңтар күні 10 және 13 жастағы жеткіншектер петардаға ұқсас жарылғыш заттан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бір жасөспірімнің саусақтары жұлынып кеткен. Бұл туралы Alau.kz Қостанай облыстық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Полицейлер жеткіншектердің белгісіз заттан жарақат алу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында сыртқы пішіні петардаға ұқсас затқа сараптама жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталады» деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД-дан.

Жарылғыш затпен ойнаған ұлдардың бірінің саусақтары жұлынып кетіп, қатты күйік шалған. Сондай-ақ көп қан жоғалтқан.

Оқыс жағдай туралы ақпарат «Қостанайдың ақпейілділер клубының» инстаграмдағы парақшасында жарияланды. Жапа шеккен балалардың туыстары екі ұлдың белгісіз затты жаққаннан кейін ауыр жарақат алғанын жазған.

«Отбасымыз қайғыға душар болды. 10 жастағы туған інім мен 13 жастағы немере інім белгісіз бір зат тауып алып, оның білтесін тұтатқан. Олар оны петарда деп ойлапты. Алайда, мұның соңы қайғылы аяқталды. Қазір үлкені жансақтау бөлімінде жатыр. Оның бірнеше саусағы жұлынып қалды, қатты күйік шалды, көп қан жоғалтты. Кіші інімнің жағдайы оған қарағанда әлдеқайда жақсы» деп жазған қостанайлық әлеуметтік желіде.

alau.kz

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *