Чавес Головкинді мазақ етті

Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавес (49-2-1, 32 KO) Сауль «Канело» Альвареспен (48-1-1, 34 КО) бірінші болып жұдырықтасатынына байланысты Геннадий Головкинді әлеуметтік желі арқылы мазақ етті. Бұл туралы tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Мұның алдында боксшылар жекпе-жек туралы 6 мамырда келісімге келгені белгілі болған. Кездесу 164,5 фунт аралық салмағында өтеді және HBO арнасында PPV ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетіледі.

Осы жағдайға байланысты Чавес Instagram желісіндегі парақшасына «Канеломен» бір көлікке отырып, жол жиегінде тұрған Головкинге су шашыратып кеткені бейнеленген коллаж орналастырды. 

 

vesti.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *