Назарбаев күн энергиясының қолайлы өзіндік құнын атады

БАӘ-дегі «Болашақ энергиясы» Дүниежүзілік Саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-дағы күн энергиясының ықтимал өзіндік құнын атады деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Бүгін жаңа энергия көздері барынша қолжетімді бола бастады. Мұны тиімді пайдалану қажет. Бұрын тек дамыған елдерде ғана мұндай мүмкіндік болды. Олар жаңа энерготехнология саласында білім мен техникалық тәжірибе жинақтады. Дамушы елдердің осы үдеріске қосылатын шағының дер кезі. Мысалы, Қазақстан үшін бүгінде күн энергиясын өңдеу килловат-сағатына өзіндік құны 10 цент болғанда мүмкін болады», — деді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, Германия 15 жыл бұрын килловат-сағатына 70 центтен бастаған. Жел энергиясы жыл сайын 2,5 пайызға арзандайды. Соңғы 15 жылда ол үш есеге арзандады. «Бүгінде жел энергиясы килловат-сағатына 4-5 цент тұрады. Энергетикалық трендтердің көлікке ықпал ету дәрежесін атап өткен жөн. Оған отынды әлемдік тұтынудың 70 пайызға жуығы және көмірқышқылды газ шығарындыларының басым бөлігі — жыл сайын 35 миллиард тоннадан астамы келеді. Жасыл технология көшбасшылардың ауысуына және әлемдік авто өнеркәсібінде жаңа жарысқа ықпал етеді», — деп сөзін жалғады Н.Назарбаев.

Ол электромобилдер бүгін сұранысқа ие және қолжетімді бола түсуде. Болжам бойынша, электр машиналардың үлесі 2020 жылы 1 пайыз, 2030 жылы 30 пайызға дейін артады. Әлемнің көптеген мегаполисі таза қоғамдық көлікке ауысады.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *