Өз халқын жарылқай алмай жүріп, Қырғызстанға 100 млн доллар бермек пе?!

Қазақстан Қырғызстанға жақын күндері 100 миллион доллар беретіні бұған дейін хабарланған болатын. Бірақ, бұл қаражат қарыз ретінде емес, жай техникалық көмек ретінде аударылады. Мұндай екіжақты келісімге осыдан бір апта бұрын Санкт-Петерборда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылды деп хабарлайды sn.kz сайты.

Ал бұл жағдай қазақ қоғамында үлкен пікірталасқа ұласып отыр. Халықтың дені биліктің бұл қадамын түсіне алмай әлек. Өйткені, елдегі тұрғындардың басым бөлігі әлі де баспанасыз. Оның үстіне, күні кеше Қарағанды облысы Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан елді мекенінде 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлап, 9 адам қаза тапты. Ондаған отбасы баспанасыз қалып отыр. Оларды үймен қамту мәселесін жергілікті биліктің шешіп беруі де екіталай.

Осы ретте шымкенттік заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек биліктен қырғызды жарылқағанша қаңғып жүрген өз халқымызды баспанамен қамтуды сұрап отыр.

«Қырғыздарға 100 миллион доллар бергенше, көшіп жүрген қазағына құламайтын үй салып берсе дұрыс болар еді! Халқы киіз мүжіп отыр əркімге жалтаңдап, ал бұлар əркімді жарылқап əлек. Қайыршы болып жүрген халық не үшін ақша аудару керек Қарағандыға! Мемлекет бөлсін керек қаражатты. Халқының қауіпсіздігін, жағдайын жасай алмаса несіне дамыған 30 елге кірдік деп мақтанады?» деп жазды А.Орынбек өзінің Фэйсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, бұл қаражатқа Қырғызстан үкіметі шекарадағы кеден бекеттерін заманауи қондырғылармен жабдықтауды жоспарлап отыр.

sn.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *