Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Сайынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Тұрғылықты мекен жай бойынша арнайы тексерістер жүргізілмейді. Бұл тексеріс Алматыда Универсиаданы өткізуге дайындыққа қатысты жедел алдын алу іс-шаралар аясында ғана жүргізілді. Бұл шара тіркеуге байланысты емес» деді ол.
Оның айтуынша, Универсиаданы жүргізу халықаралық маңызы бар іс-шара және жалпы әлемдік тәжірибе.
«Басқа аймақтарда бір де бір тексеріс жүргізілмеген. Және де үстіміздегі жылдың наурыз айының ортасына дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық орындарда адамдарды тоқтатып, тексеріп, тіркеу қағазын талап етпейді» деді С.Сайынов.
tobyl-torgai.kz