Димаш Құдайберген қатысатын ән байқауының кестесі белгілі болды

Қытайдың «Хунан» телеарнасындағы отандасымыз Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer2017» ән байқауының кестесі белгілі болды. Телеарна сайтындағы мәліметке сәйкес, байқауға қатысушылар жалпы 5 іріктеу кезеңінен өтіп, финалға шығады. Әр іріктеу кезеңінде әншілер 2 айналымнан өнер көрсетеді.
Бүгінде алғашқы кезеңнің екі айналымы өз мәресіне жеткенін ескерсек, Димашты алда әлі 4 үлкен іріктеу кезеңі күтіп тұр. Димаш Құдайберген байқаудың екі кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Қытай халқын аузына қаратқан болатын. ҚазАқпарат агенттігі оқырмандар назарына отандасымыз өнер көрсететін «Singer2017» ән байқауының кестесін ұсынады.
I кезең: 21 және 28 қаңтар.
II кезең: 4 және 11 ақпан.
III кезең: 18 және 25 ақпан.
IV кезең: 4 және 11 наурыз.
V кезең: 18 наурыз, 25 наурыз.

Финал: 1, 8 және 15 сәуір күндері өтеді. Байқау әр аптаның сенбі күні Астана уақытымен 20:30-да эфирге шығатынын айта кеткен жөн.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *