Жиынды Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ашты. Үкімет басшысы Президентке жыл басынан бері мемлекет үшін маңызды істер жасалып жатқанын мәлімдеді.
«Сіздің осы аптада жариялаған халыққа Жолдауыңыз бойынша қажетті жұмыстар мен шараларға кірістік. Осыған байланысты Үкіметтің арнайы отырысын өткізіп, экономиканың дамуы үшін жаңадан нақты жоспарлар құрдық. Жолдауда жарияланған тапсырмалар бойынша әр салаға жауапты адамдарды тағайындадық» деп баяндады Премьер-Министр Нұрсұлтан Назарбаевқа.
«Біздің ең басты мақсатымыз — Жолдауда жарияланған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау. Үкімет сіздің сеніміңізді зор бағалайды, алдыңызда үлкен жауапкершілік сезінеміз» деді Үкімет басшысы.
Биыл қаңтарда Елбасы республикалық арналардан екі рет қазақстандықтар алдында сөз сөйлеген еді. Алғашқы сөзінде Перзидент мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы айтқан. Екінші сөзінде Елбасы халыққа Жолдауы туралы сөз қозғады. Жолдау Қазақстанды модернизациялаудың үшінші кезеңіне арналған. Биылғы Жолдауда Президент бес негізгі басымдықтарды бөліп көрсетеді.
Айта кетейік, Елбасы мемлекет билігіне «бір орында тұра беруді» қою керектігін айтқан. Бұл ой елдегі кәсіпкерлікті дамытудың үлкен әлеуеті барына қатысты айтылды. Әңгіме бірнеше мемлекеттік қызметті бизнеске өткізу туралы болды.
tengrinews.kz