ҚР Орталық коммуникациялар қызметі брифингке жаңа формат енгізді

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі өз жұмысында жаңа форматты енгізуді жалғастыруда. Бұл туралы директордың орынбасары-ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әр дүйсенбі сайын біздің алаң Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және вице-премьердің, Парламент депутаттарының, өзге де мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өтетін шараларға шолу жасалынып, БАҚ өкілдерін құлақтандырып отырады» деді спикер.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде ақпараттық талқылауға ұшыраған таңдаулы мәселелер бойынша апталық брифингке мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен ресми өкілдерін шақыратын болады.

«Бұл халыққа дер кезінде нақты ақпаратты жеткізу бағытында жасалып отырған үлкен қадам дер едім. Осылайша, ОКҚ алаңында біз БАҚ-қа қажетті ақпараттарды алуына және өздерін толғандырған сауалдарына жауап алуына мүмкіндік жасаймыз» деп өз ойын түйіндеді.

tobyl-torgai.kz

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *