Пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда әріптестері не үшін қол шапалақтаған?

Қостанайда пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда қол шапалақтаған әріптестерінің әрекетіне қызметтік тексеріс жүргізіледі деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Ішкі істер департаментіндегілер жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Жергілікті полицияның басшысы, полиция полковнигі Негмет Ысмағұловтың айтуынша, бұл дерек офицерлермен және полицейлермен өтетін жиналыстар барысында талқыланатын болады.

«Этикалық норманы бұзу мәселесін қарастыру үшін қызметтік тексеріс тағайындалды. Ашық сот отырыстары да өтеді — бұл Қостанай облыстық ІІД өкілдерінің жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін жүргізетін әдеттегі тәжірибесі» деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, кеше, 13 ақпанда Қостанайда пара алған полицейлерге сот үкімі шыққанда әріптестерінің қол шапалақтағаны хабарланған болатын. Іс материалы бойынша, 2016 жылдың 23 маусымында «Рубеж» бақылау бекетінде жол-патрульдік полициясының екі қызметкері Арман Көпжасаров, Ермек Исанов және көші-қон полициясы қызметкері Алмат Кабенов күнбағыс майы тиелген КамАЗ жүк көліктері бекетте тұрып қалмауы үшін Дмитрий Штефановтан 7 000 теңге пара алған, дәл осы күні BMW X5 көлігінде мас күйде отырған ресейлік азаматтан жүргізуші куәлігінен айырмас үшін 100 000 теңге талап еткен. Өзімен бірге мұнша сома болмаған жүргізуші параны сол күні Қостанайдағы ағасы арқылы берген. 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *