Қостанай облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Марат Күзенбаев Амангелді ауданындағы жылқы төлінің жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Alau.kz.
Оның айтуынша, басқарма жетекшісі ауылдарда болып қайтқан. Қазір жағдай реттелген. «Биелердің түсік тастауы қайталанған жоқ. Әңгіме жаппай қырылу туралы. Бұл жағдай 2016 жылдың желтоқсанында басталды. Себептердің бірі — ауа райы. Амангелді ауданында күз суық болды. Оның үстіне жануарлардың иммунитеті де түсіп кетті» дейді ол.
Дегенмен, зертханада сараптама жүріп жатыр. Оның қорытындысы апта соңында белгілі болады. Еске салайық, Амангелді ауданының тұрғындары жылқы төлінің туа сала қырылып жатқанын айтқан болатын.
alau.kz