Құлындардың қырылуы жұртшылықты алаңдатып отыр

Қостанайда облыстық Ветеринария басқармасының мамандары жаңа туған жиырма құлынның қырылу фактісін тексеріп жатыр деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, құлындардың өлімі облыстың оңтүстігіндегі Амангелді ауданында тіркелді. Жергілікті тұрғындар мұны екі жыл бұрынғы ақбөкендердің қырылу жағдайымен байланысы болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Ақбөкендер де екі жыл бұрын Жанкелдин, Амангелді аудандарында қырылған болатын. Алайда, облыстық Ветеринария басқармасы құлындардың өлімі мен жабайы жануарлардың қырылуы арасындағы байланысты теріске шығарды. Мекеме басшысының орынбасары Марат Күзенбаевтың айтуынша, барлық тіркелген фактілер биелердің құлын тастауымен байланысты болуы мүмкін.
«Күздің қара суығы, су қоймаларының қатып қалуы секілді қолайсыз ауа райы жағдайынан жылқылардың иммунитеті төмендейді. Сол себепті көптеген бие құлындарын тастап қояды, — деп есептейді М.Күзенбаев. — Жаппай қырылды деп айтуға да негіз жоқ. Құлындардың көз жұмуы бір-бірінен алшақ орналасқан елді мекендерде тіркелді».

Оның үстіне, құлын өліктерінен алынған сынмаларға амбулаториялық тексерулер жүргізілуде. Сараптама нәтижелері дайын болғанда жұртшылыққа жарияланады.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Бір пікір

  1. Мухия КAРТЕНБАЙ

    Менің балам Картенбай Сырымбек 02.07.1998ж туылған Құлағы естімегеннен сөйлей алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің квотасымен Алматы Ақсайдағы балалар ауруханасында 25.05.2011жКохлеарлы имплант операциясын жасатқан. Содан бері MED9EL аппаратымен жақсы жұмыс жасап, нәтиже беріп келе жатыр еді.Қазір аппарат істен шықты. Басқа аппараттың келмейтінін білесіз Осы балама көмектесуіңізді сұраймын.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *