Синоптиктер 22-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40 градус, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45 градус, күндіз -27-32 градус, кей жерлерде -35 градус аяз болады. 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз ...
Толығырақ »Monthly Archives: қаңтар 2018
Қостанай түрмесіне есірткі қосылған бал жіберілген
Қостанай облысында жазасын өтеушіге есірткі затын өткізу әрекетінің жолы кесілді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, есірткі сотталушыға әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде шыққан. «Жазасын өтеушіге келген пластмасса ыдыста бал мен грек жаңғағы болған. Тексеру барысында бал арасынан полиэтилен түйіншек табылды. Оның ішінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат жасырылған. Сараптама ...
Толығырақ »Ертең Қостанай облысында да тұман түсіп, күшті жел соғады
Синоптиктер ертең, 21 қаңтарда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап. Синоптиктердің хабарлауынша, антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек батыста және солтүстік-батыстың кей жерлерінде аздаған қар жауады. «Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік-батыстың кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы ...
Толығырақ »Жалған құжат жасаған қостанайлық
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК шекарашыларымен бірігіп жалған құжаттармен көлік жүргізген қостанайлықты ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары заң бұзушыны Аят кеден бекетінде ұстады. «Күдікті «Mercedes-Benz» автомобилін жақында Челябіден сатып алғанын айтқан. Алайда, тұрғынды тергеу барысында оның жалған құжат жасағаны анықталды. Себебі сату-сатып алу шарты көліктің аталған азаматқа тиесілі екенін растамады» делінген ...
Толығырақ »Қостанайлық мұғалімдердің жалақылары 100 мың теңгеге дейін өсті
Биыл Қостанай облысы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елбасының биылғы Жолдауында сапалы білім берудің маңыздылығын арттыру жөнінде кеңінен тоқталды. Осы мақсатта облыс бюджетінің ауқымды бөлігі білім саласына жұмсалып келді. Бұған қоса қазіргі уақытта кадр дайындау ісіне көңіл аударып отырмыз. Әсіресе, математикалық бағытта оқытатын ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов Қостанайдың бас жоспарына өзгеріс енгізуді ұсынды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізуді ұсынды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыповтың айтуынша, қалалық әкімдік Smart City концепциясы бойынша «Қостанай — ақылды қала» жобасын әзірлеуде. «Аталған жоба бірнеше интерактивті карта мен сызбадан тұрады. Бұл арнайы белгілер қаланың әр нысанын айқындауға мүмкіндік береді. Жоба екі жылға шақталған. Биыл бұған 200 млн ...
Толығырақ »Қостанайлық спортшылар ай сайын ақшалай төлем алады
2017 жылы облыс бойынша 8500-ге жуық спорттық іс шара өткен. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Вильямс мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2017 жылғы мәлімет бойынша, облыстағы 260786 адам бұқаралық спортпен айналысады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. «Жанкелдин ауданы тұрғындарының 47,4%-ы спортпен шұғылданады. Ал Науырзым ауданында осы көрсеткіш 44,5%-ға тең. Облыс бойынша ...
Толығырақ »Жеке қаражат есебінен 2 мыңнан астам балабақша ашылды
Қазақстанда жеке инвестициялар есебінен балабақша ашу ісі қарқынды дамып келеді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жеке инвестицияларды тартудың жарқын мысалы ретінде Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Балапан» бағдарламасын атап көрсетуге болады. Бағдарлама жүзеге асырылған сәттен бастап жеке инвестициялар есебінен 2336 жеке балабақша мен шағын орталықтар ашылған» деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, аталған бағдарламаны ...
Толығырақ »БҒМ мектептерді баланың санына қарай қаржыландыруға кірісті
Әзірше аталған жүйе үш қаланың мектептерінде пилоттық жоба ретінде іске асатын болады деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Былтыр біз «Білім беру туралы» заңға өзгерістерді енгіздік. Соның аясында мемлекеттік тапсырыс жеке жекеменшік мектептерге де беріле бастады. Мәселен, осы жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы жеке меншік мектепте пилоттық жоба қолға алынды. Шымкентте қыркүйек айында басталады. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана қаласында да жеке ...
Толығырақ »Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы азаяды
ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жүктемесін азайту бойынша жұмыс жүргізуді бастады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз қазір оқушыға артылатын тұтас жүктемені азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасын 5 күнге сыйғызуға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. ҚР БҒМ бұйрығында бұл нормалар барлық білім беру топтары үшін нақты көрсетілген. Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс, бұл да ...
Толығырақ »