Арқалық: Емхана қызметкері коронавирус жұқтырған

Арқалық қаласының әкімдігі жанынан коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында өңірлік комиссия құрылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік өңірлік штабқа сілтеме жасап.

«2020 жылғы 18 сәуірде Арқалық қаласында COVID–19 ауруының бір фактісі тіркелді. Сырқаттанып қалған әйел — Арқалық өңірлік емханасының зертханашысы. Жұқтырудің көзі анықталып жатыр. Қызметіне байланысты індетті жұқтыру тәуекелі жоғары болғандықтан, екі апта карантиндік білімінде жатқызылды, СOVID-19 диагнозы расталғаннан кейін науқас әйел инфекциялық бөліміне ауыстырылды. 14 күн бойы ауруханада емделіп жатты, ешкіммен байланыспады және Арқалық қаласының тұрғындары үшін эпидемиологиялық қауіп төндірмеді. Коронавирустық инфекциясы анықталғандықтан, науқаспен жақын қарым-қатынаста болған барлық медициналық қызметкер ауруханаға жатқызылды және тексерілді» делінген штаб ақпаратында.

Шектеу шараларының аясында Жезқазған-Петропавл тасжолындағы №12 және №13 блокпосттар орнатылды. Сонымен қатар Арқалық-Торғай тасжолында санитарлық пост қойылды.

Бүгінде Арқалықта карантиндік бөлімшеге 11 адам жатқызылды. Олар – Ресей Федерациясынан келген және науқастармен байланыста болғандар. Үй карантинінде – 64 адам, барлығы полиция қызметкерлерінің бақылауында. Сондай-ақ, комиссия Арқалық қаласында ұсынылған шаралардың сақталуын, оның ішінде ең қажетті өнімдердің бағасын бақылау үшін күн сайын рейд жүргізуде.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *