Сүндет Байғожин «Сәлем саған, туған ел!» онлайн жобасында қонақта болды

Қостанай облысында «Сәлем саған, туған ел!» онлайн жобасы басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты – әр салада табысты еңбек етіп жүрген Қостанай азаматтарымен әлеуметтік желіде байланыс ортану.

«Қостанай облысында дүниеге келіп, есімі елге танылған өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен болатын сұхбаттар сериясына «Сәлем, саған, туған ел» деген ортақ атау бердік. Кешкі эфирде шығатын басқа да жобалардың болуына байланысты әрі карантинде отырған көпшілікке күндіз де тұшымды дүниелер ұсыну мақсатында бастапқыда сұхбаттарымызды күндізгі уақытқа жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта актерлер мен әншілер Қостанай жұртымен желіде қауышып, сұрақтарын қоя алады» деді Ерлан Қалмақов агенттік тілшісіне.

Онлайн-кездесуді Мәдениет басқармасының басшысы жүргізіп отырады. Жобаның алғашқы қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденінің кавалері Сүндет Байғожин болды. Опера әншісі Instagram әлеуметтік желісі арқылы жерлестерінің сұрақтарына жауап беріп отырды.

«Карантин ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Өкінішке қарай, төтеден келген індеттен көз жұмғандар бар. Көңілі түскен халыққа қолдан келгенше рухани көмек беруге тырысамыз. Өнер адамдары ретінде көптің көңілін өнерімізбен аулағымыз келеді. Әлеуметтік желідегі осындай жобаларға қолдау білдіремін. Осы ретте мен де шақырту жіберген қостанайлықтарға, жерлестеріме алғыс айтқым келеді» дейді Сүндет Байғожин.

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *