Арқалықта полицейлер жасөспірім тізгіндеген көлікке оқ атты (ВИДЕО)

Бұған дейін Әлеуметтік желіде жүргізушінің жолаушылары түсірген видео пайда болды. Кадрларда баланың жанында нұсқаушы болып отырған ер адам барын көруге болады.Қостанай облыстық ПД мәліметінше, оқиға 31 мамырда болған. Полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатпақ болған. Алайда көлік тоқтамастан жылдамдықты арттырған.»Полицейлердің заңды талаптарын орындаудың орнына жүргізуші қашамын деп тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, бірнеше рет апаттық жағдай жасады. Сақшылар дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен көлік құралын тоқтатуға бірнеше рет бұйрық берді, жүргізушіге бағынбаған жағдайда табельдік қару қолданылатынын ескертті», — деді полициядан.

Көлікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданып, жол талғамайтын көліктің артқы дөңгелегін жарды.

«Көлікті 2007 жылғы кәмелетке толмаған бала басқарған. Алдыңғы жолаушылар орнында 35 жастағы әкесі мас күйде отырған, оған қатысты 612-баптың 5-бөлігі (Көлік басқару құқы жоқ адамға басқаруға беру) және 613-баптың 1-бөлігі (Тоқтату туралы заңды талаптарды орындамау) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды», — деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Табельдік қаруды қолдануға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша прокуратура келісімімен полиция қызметкері қаруды заңды қолданғаны анықталды.

Сонымен қатар 14 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін қала әкімдігінің Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясына жолданды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *