Торғайда ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған

Қостанай облысында далада ағаштан дәретхана салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған.

Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды.

Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті:

1. Ағаштан жасалған қоршау: 60 000 тг.

2. Септиктің бетон сақинасы, қақпақ, құбыр: 40 000 тг.

3. Архимедтің арнайы күректерімен шұңқыр қазу: 500 000 тг.

Мынаны да қараңыз

Ерлан Жаулыбаев Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды

Ерлан Жаулабаев Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев ...