Мемлекеттік сатып алулар: Қостанай шенділерінің қитұрқылығы ашылды

Қостанай облысында мемлекеттік сатып алулар кезінде тауар құнын нарықтағы бағадан қымбат етіп көрсеткен ұйымдар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мәлім етті.

2022 жылдың күзінде денсаулық сақтау саласы ұйымдарының бірі 10 млн теңгеден астам сомаға керуеттер сатып алғысы келген. Ашық сауда алаңдарындағы бағалар мониторингі техникалық ерекшелікте көрсетілгенге ұқсас сипаттамалары бар керуетті шамамен 40% арзан бағаға сатып алуға болатынын көрсетті. Нәтижесінде бюджет қаражатын 3,5 млн теңгеге үнемдеуге мүмкін болды, — деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Ал Қостанай колледжі жалпы құны 21 млн тенге болатын 15 ноутбук сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің ұсынысынан кейін сатып алу жоспары жалпы құны 6,5 млн тенге болатын 10 ноутбукке дейін түсірілді.

Жалпы, өткен жылы департаменттің ұсыныстары бойынша жоспарланған бағасы жоғары мемлекеттік сатып алулардың құнын түсіру және жасалынған шарттар бойынша профилактика тәсілімен 220 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...