Астанада өтетін келіссөздердің мақсаты не?

Сирияға қатысты Астанада өтетін келіссөздер қорытындысы бойынша оқ атуды тоқтату мен Женевадағы саяси процесті іске қосу туралы құжатқа қол қойылуы керек. Бұл туралы РИА Новости сириялық оппозициядағы мәлімет көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Кездесу мақсаты — оқ атуды тоқтату туралы құжат қабылдау, осы арқылы Сирия бойынша Астанада емес, Женевада саяси шешімдер қабылданады» деп атап өтті мәлімет көзі.

Астанадағы кездесу уақыты Анкарада өтіп жатқан кеңестің қорытындысына байланысты, ондағы шешім бойынша келіссөздер уақыты бір аптаға шегерілуі мүмкін. «Астанада отырыс өткізу уақыты әлі белгісіз, бір аптаға шегерілуі мүмкін. Барлық тарап Анкарада өтіп жатқан қарулы топтар отырысының қорытындысын күтуде. Бұл отырыс кеше басталған, ертең аяқталуы керек. Қолда бар ақпарат бойынша, Астанадағы келіссөздерге саяси күштер емес, тек қарулы бірлестіктер қатысады, яғни, саяси өкілдер болмайды» дейді мәлімет көзі.

Сонымен қатар, «Астана делегациясының өкілдері бірыңғай делегация қалыптастыру үшін Женевадағы келіссөздерге де қатысады, әңгіме саясаткерлер мен әскерилер туралы» деп атап өтті ол.

Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия басшысы Тайып Ердоған Қазақстан астанасы Сириядағы қақтығысушы тараптар келіссөз өткізетін жаңа алаң болады деп келіскен. Бұл бастаманы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдады.

3 желтоқсанда сириялық оппозицияның он шақты тобының өкілдері Дамаск тарапынан келісім бұзылды деп, Астанадағы келіссөздерді кейінге шегерген. Осыған байланысты келіссөз мүлде өтпей қалу қаупі туды. Алайда, келесі күні БҰҰ өкілдері Астанадағы кездесу 23 қаңтарда, ал Женевадағы келіссөздер 8 ақпанда өтеді деп мәлімдеді бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу.

Жақында Сирия президенті Башар Асад келіссөздерге дайын екендігін жеткізген еді. 

 

tengrinews.kz

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *