Н.Назарбаев пен В.Путин телефон арқылы сөйлесті

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алда Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысы талқыланды» деп атап өтеді хабарламада. Екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері де сөз болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Сирия бойынша кездесу өткізу мерзімі осы күндері Анкарада өтетін консультация нәтижесіне тәуелді екені айтылған, оны бір аптаға  шегеруі де мүмкін.

Еске салсақ, Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты Астанада өтетін келіссөз 23 қаңтарға жоспарланған.

tobyl-torgai.kz

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *