Қостанайда онкологиялық диспансерде жұмыс істейтін 35 жастағы Ербол Кәкімов іздестіріліп жатыр. Ол ұлын мектеп апарған соң, сол күйі оралмаған. Бұл туралы аlau.kz хабарлады.
Жоғалып кеткен ер адамның әйелі Татьяна Миненконың айтуынша, ол күйеуін соңғы рет 15 ақпанда көрген.
«Ол ішімдік ішпейді. Ол күні біз ұрысқан да жоқпыз, барлығы дұрыс болатын» дейді Татьяна Миненко.
alau.kz