Әсия БЕРКЕНОВА, ақын: Қостанайда қазақ тілінде білім беретін 16 мектеп бар (Видео)

«Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебін жабайын деп жатыр» деген дақпыртқа өз пікірімді қоспақпын. Өтіріктен бастау алған жалғандықтың тамыры терең болмас. Біріншіден, Қостанай қаласында 6 қазақ мектебі, 10 аралас тілді мектеп бар.

Мақала иесі айтып отырған 24 бастауыш мектеп тоқсаныншы жылдардың ортасында əйтеуір бір қазақ мектебін ашып алайық деген мақсатпен балабақша ғимаратында ашылды. Сол ашылған сəтте бірден бұл уақытша мектеп екені, мұнда спорт залы, акт залы жоқ, мектепке икемделмегені сөз болды. Сол уақытша деген мерзім өткелі қашан.

Осы 24 мектепте үш жүздей бала оқуға тиіс болса, қазір алты жүзге таяу бала иін тіресіп , 20 баланың орнына 30-дан артық оқушы бір сыныпта отырады.

Қала басшысы тағы да толыққанды жалпы білім беретін қазақ мектебін ашуды қолға ала отырып, 24 мектепті және басқа да аралас мектептердегі қазақ сыныптарын біріктіріп, кең ғимаратқа көшіріп, таза мемлекеттік тілде білім беретін мектепті ашпақ.

Ал С.Мəуленов атындағы гимназия туралы еш əңгіме жоқ. Мен жаңа мектеп туралы мəселені талқылауға қатысқанмын. Анығын білген соң айтып отырмын.

Игілікті істі итермей, икемдеп, Президенттің əуелі мемлекеттік тілді меңгеріп, ұлтжанды, дəстүрін дəріптейтін, салтын сақтайтын, ең бастысы, тілін жетік білетін ұрпақ тəрбиелеу үшін тілдік орта, ұлттық тəрбие керек екенін ойлаған қазақ қолдау керек деймін.

Әсия БЕРКЕНОВА, ақын,

Қостанай қаласының Құрметті азаматы 

Қостанай қаласы

Мынаны да қараңыз

Облыстық штабтың отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты ...

43 пікір

  1. Дархан

    Қазақ мектептерінің саны облыста 70 % кем болмауы тиіс. Облыста екі педагогикалық жоғары оқу орындары бар. Онда негізінен студенттер Серпін бағдарламасымен білім алуда. Кадр мәселесі жоқ. Қазақ мектептерінің саның аз болуы басқа мәселе болып тұр. Елбасы болсын Президент болсын облыс әкіміне қадап айтып отыр қазақ тілді мектептерінің саның арттыру керек деп. Тапсырманы орындау қажет. Әйтпесе орынды ресейден жалтақтайтын жастарға берсін.

  2. Молдир

    Біздің Қостанай облысында білім сапасы жоғары мектептер жеткілікті!

  3. Жуламанова Кымбат

    Костанай облысында казак тилиндеберетин мектептер бар, олар жаксы жаблыкталган. Неге соншама шу шыгару керек? Ол кимге керек? Негизинде 24 бастауыш мектепти баска жерге ауыстырса ол жаксы емес пе, жана жерде жана материл-техникалык жагынан жабдыкталады. Менин ойымша, казак мектептер коп болса жаксы емес пе?

  4. Я полностью поддерживаю ! В городе необходима школа с государственным языком обучения.

  5. Верную политику ведут. Новое здание школы больше прежнего, будет более вместительным.

  6. Здравствуйте, у нас в городе 6 школ с государственным языком обучения, это 5 средних и 1 начальная, 10 школ с казахском и русским языками обучения.

  7. Обновление пойдёт только на пользу!

  8. Новое здание, новая школа-это хорошо.

  9. Антонина

    Верно то; что школа с государственным языком обучения не одна в Костанае и их должно быть еще больше. Чтобы выучить углубленно язык, нужно находиться в языковой среде. Думаю, что правильно делают, что объединяют.

  10. Полностью поддерживаю! Власти области ведут верную государственную политику в образовании

  11. Қостанай қаласында жалғыз қазақ мектебін жабайын деген ақпаратты жұрт дұрыс түсінбей,оны керісінше басқаша қабылдады.Шын мәнінде Қостанайда 6 қазақ мектебі, 10 аралас тілді мектеп бар.Тек басында бұл мектепті жаппай,оны басқа ғимаратқа ауыстыру жөнінде ғана сөз болды.

  12. Альбина

    Согласна! расширение и появление языковых школ в нашем городе улучшит систему и качество образования нашего города!

  13. Қостанай қаласында жалғыз қазақ мектебін жабайын деген ақпаратты жұрт дұрыс түсінбей,оны керісінше басқаша қабылдады.Тек басында бұл мектепті жаппай,оны басқа ғимаратқа ауыстыру жөнінде ғана сөз болды.

  14. Кто сказал, что у нас одна школа с государственным языком? У нас в городе 6 школ с казахским языком. Мой братишка учился в одной из них. Преподавательский состав очень сильный

  15. Татьяна

    Перенос школы в новое и более приспособленные здание — это отличная идея!

  16. Дамиля

    Биздин Костанайда бир емес бирнеше казак мектеби бар ! 1 гана казак мектеп бар деген тусиник кайдан шыккан?! Аралас мектептер де коп кой

  17. Алтынай

    Я с вами полностью согласна, в городе необходимо школа с государственным языком обучения!

  18. Динара

    Полностью согласна. Фейковую новость раздали! Больше обсуждать нечего?

  19. Татьяна Николаевна

    Считаю, что необходимо открывать больше школ с казахским языком обучения, чтобы родители имели возможность обучать ребёнка на государственном языке. Я знаю, что часто бывают ситуации, когда родители отдают своих детей в русские классы только из-за того, что рядом нет школы с казахским языком обучения. Поэтому полностью поддерживаю позицию Асии Беркеновны.

  20. Согласна с властями! Расширение языковых школ улучшат качество образования!

  21. Замзагүл

    Әрине , қазақ мектебінің көбеюі құба — құп, 24 А бастауыш мектебінің жабылуы деп түсінбей, үлкейтілген толық қанды Қазақ мектебінің агылуын қолдаймын

  22. Кунсулу

    В нашем городе одна школа с государственным языком обучения? Их же несколько кажется 5 или 6

  23. Эльмира

    Қостанайда қазақ тілінде жоғары деңгейде білім беретін мектептер бар, жалғыз деуі дұрыс емес. Мәселе , мектептің жабылуы емес , оның кеңейтілуінде деп ойлаймын.

  24. Мәселенін мән-жайын білмей жатып, ауызына келгенін айтқан адамдарға таң қалам! Біреу айтты деп, бәрі жамырап кеткені несі??? Қайдағы бір мектеп?! Кем дегенде алты мектеп бар! Тағыда екі тілде аралас он мектеп бар. Ал ата-аналар мәселесіне келетін болсақ, өздерінің қамын ғана ойлап, келешектерін ойламай 24а мектебін орталықта қалдырғысы келеді, сонымен қатар Қостанайды бүкіл республикаға мазақ қылды жалған ақпарат беріп! Лицейдін несімен жақпағанын түсінбей отырмын, мәселен 24а мектебі 4 жылдық болса, лицей 11 жылдық болады! Енді өздерініз кішкене ойлап көрініздер! Қайсы нұсқасы жақсы болушеді!

  25. На мой взгляд, школы с казахским (государственным) языком обучения нужны нашему ростущему городу, и дело не в здании, где эти знания получать.

  26. Айкенже

    Қостанай қаласында қазақ тілді мектептер көбейсе жақсы болар еді. Бұл кісінің ойы дұрыс. Жап жаңа кең ғимаратта балалар оқыса жақсы емеспе?

  27. Әсия апамыздың, айтқан ойына қосыламын. Қаламыздың қазақ мектептерінің саны мен материалдық сапасына көңіл аударыла бастағаны қуанарлық жағдай.

  28. Сандугаш

    Жана жерде жана мектеп-жаксы емес пе?

  29. Акпаратты журт дурыс түсінбей жатыр.24 мектеп жабылып жатқан жоқ,тек жаңа ғимаратқа ауыстырылып жатыр. Жалған сөздерге сенудің кажети жоқ.

  30. Нургуль

    Әсия апамыздын ойы орынды. Казак мектептери көп болған дурыс кой.

  31. Мемлекеттік тілдегі мектептердің санының көбеюіне қол ұшын беріп, ашылуына жағдай жасап жатқан қазақтың зиялы азаматтарының игілікті ісіне қатты қуанбасақ, ренжімейміз.

  32. Светлана

    Новая школа-это очень хорошо! Я поддерживаю!!!

  33. Наталья

    Полностью согласна, что городу нужна ещё одна школа на государственном языке. Здание светлое, большое. Детям будет комфортно учиться.

  34. Қазақ мектептердің көбейюін қолдаймын. Жаңа мектептер ашылғаны дұрыс.

  35. Акбота

    Қостанай қаласында қазақ тілінде білім беретін мектептер біреу ғана емес. 6 қазақ мектебі,10 аралас мектепт бар.Бұл жағдайды теріс түсінбеген дұрыс.Мүлдем жабылады деп емес, қайтадан жаңа мектеп ашылады деп отыр ғой.Мен бұл пікірді қолдаймын.

  36. Анастасия А

    Поддерживаю! Школ много не бывает. Детям будет комфортно в просторном здании.

  37. Гүлнәр

    Қазақ мектептері көп болғаны дұрыс.
    Асия апайдың айтқанына мен қосыламын.
    Қостанай қаласында бірнеше қазақ мектептері бар.

  38. Қостанай қаласында мемлекеттік тілдегі жалғыз мектеп жабылайын деп жатқан ақпарат дұрыс емес. Менің балаларым 6 қазақ мектебінің бір мектебінде сапалы білім алуда. Əсия Беркенова дұрыс айтады, бірінші бəрін анықтап біліп алған жөн. Жалған ақпарат таратпастан бұрын. Жаңа ғимарат, жаңа қазақ мектебі.

  39. В Костанае 6 школ с государственным языком обучения! появление школ с казахским языком обучения в нашем городе улучшит систему и качество образования нашего города!

  40. Иə, Асия Беркенова дұрыс айтады! Қостанайда жалғыз қазақ мектебі жабылғалы жатыр деп түймедей затты түйедей қылмай, істің мəн-жайын түсініп,шу шығармай ,алдымен дұрыс -бұрысын ойлау керек.

  41. Асия Беркенованың сөзіне толық қосыламын. Мектеп бул жерде жабылу емес, керісінші ,әрі карай кең жерге , қажетті мектепке сай құралдармен жабдықталған мекемеге көшіріледі деген ақпаратты толық түсінбегендіктен айтылған пікірлер. Әрбір сөзді айтарда жан_жақты ойлап, қабырғамен кеңесіп барып айту керек шығар. Қазіргі кезде Қостанайда қазақ мектебі көбейіп келе жатыр.Әлі де көркейе береді деп үміттенеміз.

  42. Айгерим

    В нашем городе много школ с государственным языком обучения. И с каждым годом растёт их качество образования и воспитания. Показатель этого являются многочисленные призовые места детей и учителей на республиканских и международных олимпиадах, конкурсах. И я думаю что это только начало, наши дети покорят ещё не мало вершин побед и успехов. А наша с вами задача создать для них благоприятные условия для их развития.

  43. Назгуль

    В Костанае достаточно школ с государственным языком обучения. И их нужно ещё больше. Думаю государство хочет только расширить школу, так как мест всегда нахватает.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *