Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

М. Қ Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес өз қалауы бойынша атқаратын қызметінен босатылды.

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...