«Тобылда» ойнайтын өзбекстандық футболшы айына 11,5 миллион теңге жалақы алады

Қостанайлық «Тобыл» сапында ойнайтын өзбекстандық футболшы Игорь Сергеевтің айына 11,5 миллион теңге жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

Бұл туралы журналист Аслан Қаженов Facebook парақшасында жазды.

Негізі бұндай ақпараттар өте құпия сақталады. Бірақ, дәл осы жігіттің жалақысы байқаусызда жарияланып кетті және ол 300 мың АҚШ долларын құрайды. Ұлттық валютаға шаққанда – 138 миллион теңге. Яғни, ай сайын 11,5 миллион, ал, күн сайын 383 мың теңге алады деген сөз. Мейлі ойнап жатсын, ойнамай жатсын, демалып-ұйықтап, білгенін істеп жатсын, осындай жалақы жүре береді. Қостанайда басқа проблема жоқ. Мәселенің бәрі реттеліп, тек келімсектерге ақша шашу ғана қалыпты… – деп жазды журналист.

Фото: vesti.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...