ganibet

Қостанайда үйлерге QR-кодтар орнатылады

Қостанайда «Smart city» жобасы Цифрландырудың жол картасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінде негізгі 10 бағыт анықталды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. Биыл «Smart city» жобасы аясында Қостанайдағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың ғимараттарына QR-кодтар орнатылады. Тұрғындар аталған кодтар арқылы нысанның тарихын, пошталық индексін біле алады. Сондай-ақ ...

Толығырақ »

Студенттер үшін қосымша 20 мың грант бөлініп, 75 мың орындық жатақхана салынады — Елбасы

2018-2019 оқу жылында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмысты ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында белгіленген бес әлеуметтік бастаманың бірі екенін атады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бүгінгі таңда еліміздегі ЖОО-ларда 530 мыңға жуық жас өрен білім алып жатыр. Олардың ішіндегі 30 пайызы мемлекет бөлген грант бойынша оқуда. Жоғары білім беруді қолжетімді әрі сапалы ...

Толығырақ »

Аналарымызды аялаған елміз

Аудандық мәслихат депутаты арқалы ақын Ғафу Қайырбековтің  туған қарындасы Күләш әжені құттықтап барды Жанкелдин ауданы орталығында арқалы ақын Ғафу Қайырбековтің туған қарындасы Күләш әже тұрады. Жасы сексеннің сеңгіріне шыққан кейуана бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ардақты ана. Немере-шөберелерінің  қызықтарына тоймай ғұмыр кешіп келе жаткан ол Жаратқанға шүкіршілік айтуды ұмытпайды. Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Бұл – бәріміздің ортақ, абыройлы ...

Толығырақ »

Қостанайлықтар автобус кестесін смартфон арқылы бақылай алады

Қостанайда қоғамдық көліктердің кестесін бақылауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша іске қосылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаңа жобаның авторы Мұхтар Ілиясов қосымшаны қолдану жүйесі туралы айтып берді. «Негізінен, біз іске қосқан қосымша Рязань қаласының мамандары жасаған бағдарламаға ұқсайды. Бұл жүйе автобустарға GPS-трекер орнатқан соң қосылады. Мұнан соң қоғамдық көліктердің бағыты серверге түседі. «Ақылды көлік» қосымшасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолайлы ...

Толығырақ »

Астананың 20 жылдығына орай веложол салуға Қостанай облысы да атсалысады

Ел өңірлерінің Астананың 20 жылдық мерейтойына дайындап жатқан тартулары белгілі болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап. Елорда әкімі Әсет Исекешевтің халықпен есептік кездесуінде белгілі болғандай, бас қаланың биылғы мерейтойына аймақтар бір-бір нысаннан салып бермек. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қақпасы» композициясын, Алматы қаласы 240 орындық балабақшаны, Алматы облысы Арай саябағы базасында спорттық-сауықтыру қалалық паркін, ал Атырау облысы ...

Толығырақ »

«Тополек» дүкенін тонағандар ұсталды

Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, облыстық ІІД Қостанай қаласы орталығындағы «Тополек» дүкенін тонаған күдіктілерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі«ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасап. Қостанай қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Руслан Жұрқабаевтың айтуынша, оқиға 27 ақпан күні сағат 04:00 шамасында болған. «Ұрылар дүкеннен 200 мың теңге ақшалай қаражатты қолды қылған. Қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері осы іске қатысты 3 күдіктіні анықтады. Олар сол ...

Толығырақ »

Кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алып жүріпті

Тәртіп сақшылары Қостанайдағы орталық базар аумағында кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алып келген екі бұзақыны ұстады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Руслан Рамазановтың сөзінше, 22 және 27 жастағы облыс тұрғындары бір жыл бойы кәсіпкерлерді қорқытып, олардан 500 мың теңге көлемінде ақша алған. «Күдіктілер Складская көшесіндегі базардағы саудагерді қорқытып, ақша бопсалаған. Олар бұл әрекеттерін бір ...

Толығырақ »

Наурызда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2018 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігіне көктем уақытылы келсе, солтүстігінде қыс мезгілі әлі кетуге асықпайды. Бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытатын болады. Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, ...

Толығырақ »

Қостанайдың бірнеше көшесінің тұрғындары ауызсусыз қалды

Облыс орталығындағы бірнеше көшедегі тұрғын үйлер ауыз судан ажырады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қостанай Су» коммуналдық мекемесінің баспасөз хатшысы Мая Ақбасованың айтуынша, ауыз судың тоқтатылуына апаттық жағдайлар себеп болған. «26 ақпан күні таңғы 07:38-де Амангелді-1 мамыр көшелерінің қиылысындағы құбыр желісінің істен шыққаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар су беруді тоқтатты. Сол себепті бірнеше көшенің бойындағы тұрғын үйлер ауыз судан ...

Толығырақ »

Білім ресурсын кімдер былықтырып жіберді?

Астана қаласында  ҚР БҒМ білімнің барлық деңгейдегі басшыларынан цифрлы білім ресурстарын қажетсіз және жасанды пайдалануға жол бермеулерін сұрайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Білім және ғылым министрлігі Bilimland цифрлы білім ресурсын қолдану бойынша бірнеше ұйымға қойылған тапсырманың бұрмаланғаны туралы фактілердің болғанын мәлімдейді. Аумақтық Білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мектептердің жекелеген басшылары «Bilimland» ресурсын ...

Толығырақ »