ganibet

Қостанайда зауыт отқа оранды

Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «Агротехмаш» ЖШС ғимараты өртке оранды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға бүгін сағат 07:30-дер шамасында болған. «Гагарин көшесіндегі «Агротехмаш» ЖШС ғимаратынан өрт шықты. Қоймадағы ағаш қабырғалар, жылытқыш материалдар, төбе жабынғысы жанып кеткен. Қойма басшысы бөлмесіндегі жиҺаздар, компьютерлер мен құжаттар да өртенді. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері жұмылдырылды» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт ...

Толығырақ »

Арқалық-Торғай тасжолы жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысындағы бірнеше жол бағыттары жабылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ауа райының құбылуына байланысты 13 наурыз күні сағат 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» (Ақмола-Арқалық-Қарағанды облысы шекарасының 252-377 шақырымы) тасжолы барлық көлік түрлері үшін жабылды» деп мәлімдеді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. Сондай-ақ, боран түсіп, жолдың нашар көрінуіне байланысты облыстық маңыздағы «Арқалық-Торғай» (Арқалық-Амантоғай бағытының 0-98 шақырымы) ...

Толығырақ »

Оқу гранттарын бөлгенде «Алтын белгі» иегерлеріне қандай басымдық беріледі?

Оқу грантын алуда «Алтын белгі» иегері тек бір ғана басымдыққа ие болады. Бұл туралы Мәжілісте тілшілерге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінгі заң жобасында қарастырылған мәселе «Алтын белгі» иегерлеріне қатысты. Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселе көптен бері талқыланды. Өткен жылдарда «Алтын белгі» иегерлері грантты алғанда, оның толық басымдылыққа ие еді. Алған ұпайына қарамастан, оларда ...

Толығырақ »

Әбдірашит БЕКТЕМІСОВ. «Мұса-Шеген»

Еліміздің алғашқы кәсіби баспагерлерініңің бірі, майдангер-журналист, республикалық «Қайнар» баспасын ширек ғасырдан астам уақыт басқарған, ҚазССР-на еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, КСРО Журналистер Одағының мүшесі, ҚазССР-ның құрметті баспагері Әбдірашит Қайырбекұлы Бектемісов үстіміздегі жылы 105 толады. Әбдірашит Бектемісов 1913 жылдың наурыз айында Қостанай облысы (бұрынғы Торғай) Жанкелдин ауданының Тосын болысында туған. ІІ Дүниежүзілік соғыс алдында қазақ жастарының алғашқы легінде Ленинград полиграфиялық техникумын бітірген. ...

Толығырақ »

Бюджеттен үнемделген қаражаттың жартысы жол жөндеуге бағытталды

Қостанай облысының бюджетінен үнемделген 2 млрд теңге бірінші кезектегі қажеттіліктерге жұмсалады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясының отырысында мәлім етілді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Бақытбек Есенғұлов баяндағандай, үнемделген қаражаттың көбі жол жөндеуге бөлінеді. «Артылып қалған қаржының 947 млн теңгесі облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға бағытталады. Атап айтқанда, Амангелді ауданындағы Амангелді-Үрпек-Рахмет-Әліби (0-16 шақырым), ...

Толығырақ »

7 пайыздық ипотека қай кезде беріледі?

Қазіргі кезде мемлекеттік органдар мен банктер «7-20-25» бағдарламасын пысықтап жатыр. Дегенмен, Ұлттық банк арзан ипотеканы беру мерзімін белгілеп қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «7 проценттік ипотеканы беру жұмыстары шамамен жылдың ортасында басталады. Маусым айының аяғына дейін барлық құқықтық-ұйымдастырушылық шараларын аяқтаймыз деген жоспар бар. Содан шілде-тамыз айларында банктер арзан ипотеканы беруді бастайды» деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ҚазАқпарат тілшісіне ...

Толығырақ »

Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс — Ерлан Сағадиев

Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жол картасы бойынша қосымша оқу гранттарына қатысты ұсыныстарымыз тиісті қаулы жобасы ретінде министрліктерге, «Атамекен» ҰКП-ге және жоғары оқу орындарына жіберілді. Енді олардың ұсыныстарын ...

Толығырақ »

Ерлан Сағадиев жатақханалар қалай салынатынын айтты

Жатақханаларды мемлекеттік бюджет есебінен салу үшін 5 жылға 225 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз банктермен, жоғары оқу орындарымен, құрылыс компанияларымен, Ұлттық банкпен, Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен бірнеше жиналыс өткіздік. Бәріне ыңғайлы, түсінікті және ...

Толығырақ »

Қостанай облысы экотуризмді дамытады

Қостанай облысын туристік дестинация ретінде дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл туралы өңір әкімдігінде өткен жиында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біздің облысымыз Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан немесе Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты табиғи ресурстарға бай болмаса да, туризм бағыттарын дамытудың алғышарттарын құрды. Мәселен, Наурызым қорығының, Қарабалық қорықшасының, «Алтын дала» резерваты табиғатының ...

Толығырақ »

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында бес күн демалады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, елімізде Наурыз мейрамы қатарынан үш күн тойланады — 21, 22 және 23 наурыз. Ал қалған екі күн демалыс күндеріне түскендіктен қазақстандықтар сәрсенбіден бастап жексенбіге дейін демалады. Осылайша, Наурыз мейрамында бес күн демаламыз. Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандықтардың наурыз айында 13 күн демалатыны хабарланған ...

Толығырақ »