ganibet

Жол үстіндегі бірінші әңгіме-4

Қоғабай Сәрсекеев: Елге де келдік, иә, көңіл орнықты! Қазақтың әр жері – тұтас өңірі тұнған тарих. Әйтсе де Торғайда тәу революция бастау алды, бұл Кеңесары жорытқан атырап, Аманкелді төңкеріс жасаған аймақ, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов дүниеге келген жер, партия тарихында тұңғыш рет аудандық партия комитетінің бюросы тараған ел ретінде Торғай тарихта қалған өлке. Осы өңірдің бүгінгі келбеті қандай әсер ...

Толығырақ »

Жол үстіндегі бірінші әңгіме-3

Қоғабай Сәрсекеев: Ол қандай кедергі? Кенжеғали Сағадиев: Кедергі дегенің жетеді. Кедергіге тосқауыл қою үшін басқару жүйесін жетілдірмесе болмайды. Іс-қағаз жүргізуге бюрократтық кіріптарлықтан арылуымыз керек. Ал енді сыбайлас жемқорлық деген біздің елде ойық іспеттес болып кеткен, жақындағанды өз түбіне тартады да кетеді. Ел басы осы қауіпті дер кезінде көре білді, соған күрес ашты. Бұны біз баршамыз болып қолдауымыз керек. Бұл бізге ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ ТАЛАСБАЙ

Заман ауысқан кезде өткен билiк жүйесi тұсында жасалған қиянаттар екшелiп, зерделенiп, сан түрлi сараптан өтедi. Қанша адам жазықсыз сотталды, қаншасы атылды, қанша мал, қанша дүние-мүлiк зорлықпен тәркiлендi – бәрi, шамамен болса да, есептеледi. Есептелмейтiн тек рухани шығындар. Үйткенi адамның iшкi азабын есептейтiн тәсiл жоқ. Сенiң рухани сенiмiң, ұжданың көзге көрiнбегеннен кейiн аса маңызды нәрсе болып есептелмейдi. Алайда, барлық заманда да адамдар мал-мүлiк ...

Толығырақ »

ӘКЕ

Бүгін торғайлық ұстаз-ақын, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» туындысының авторы – әкем Ғалымбек Әбілқайырдың туғанына 74 жыл… Осыдан төрт жыл бұрын дүние салғанда егіліп отырып жазған осы бір жазбамды тағы бір мәрте ұсынып отырмын. Автор  …Біз үшін асқар тау болған асыл әкеміз өмірі өлмейтіндей көрініп еді-ау… Әкем Ғалымбек Әбілқайыр өз ортасына сыйлы, қадірменді ұстаз ...

Толығырақ »

Жол үстіндегі бірінші әңгіме-2

Қоғабай Сәрсекеев: Бір кездегі, Қояндыағаштағы қалың ауыл жоқ боп шықты, жұрты ғана қалған. Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетов ауылы енді елсіз. Иә, бұл да бір тарихи жер еді. Басықара баласы Қанапия өмір сүрген өңір еді ғой бұл жер. “Неге бұлай?” деген сұрақтар көңілді мазалай береді… Осы атыраптың табиғаты-ай – жағалай көл, шоқ-шоқ тал, қалың қарағай, ақ балтыр қайың мұңая қарауытады. ...

Толығырақ »

Жол үстіндегі бірінші әңгіме

Қоғабай Сәрсекеев: Кенжеке! Елге бірге барып қайту ойы екеуміздің де көңілімізге көптен жүргенмен сәті осы жолы түсті. Ақ жол үстінде келеміз. Бағыт – туған жер – Торғай! Кім-кімге туған жер қымбат! Туған өңір Торғай бізге аса ыстық! Жарықтық шын мәніндегі киелі жер-ау! Академик Зейнолла Қабдолов «Ұлттың ұясы» атаған алқап! Кенжеғали Сағадиев: Оған сөз бар ма, туған жер – түп қазық, ...

Толығырақ »

Өмірі өнегемен өрнектелген

…Өтпелі дүниеде адам баласына берілген санаулы ғұмыр бар. Ол біреуге аз, біреуге көп. Біреулер оның бір сәттік екенін біле тұра мансабына, байлығына, елдің уақытша біткен қошеметіне мақтанады. Ал  менің кейіпкерім өмірден ұстаздықпен өтіп, сан шәкірт, саналы ұрпақ қалдырды, сол үшін де онымен ел мақтанады.        Әкесі Гәкаша Әбілқайырұлы Торғайдағы сонау өткен ғасырдың 40-шы жылдары «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған 3 ...

Толығырақ »

АЗУЛЫ БИ, АЙТУЛЫ ОЙ БАТЫРЫ немесе Арғынның аруақты биі атанған Шеген Мұсаұлы туралы ой толғау

«Ел данасы – Шеген би».                                                  М. Қозыбаев Өмірде өте сирек кездесетін жағдай ұлы бабасынан бастап кейінгі ұрпақтарына дейін (Аманжол, Шақшақ, Қарабас, Қошқар, Дүзей, Тұрлығұл, Жәнібек, Дәуітбай, Жауғашар, Мұса, Шеген, Қазыбек, Бірімжан, Дәуренбек, Қорғанбек, Оспан хан, Қасымхан ...

Толығырақ »

Астана құмарпаздар қаласына айналған ба?!

Бұлай деп бір ғана елорданы емес, еліміздің өзге де қалаларын айтуға болады. Бірақ біз көзбен көріп, қолмен ұстаған соң осындай ойға қалып отырмыз… Әйтпесе, бас қаланың кез келген сауда орындарынан, тіпті азық-түлік дүкендерінен «сары жәшікке» құдды балға үймелеген арадай төніп тұрған адамдарды, әсіресе, жастарды сіздің де күнде көретініңізге еш шүбәмыз жоқ. Бірақ кейбіріңіздің бұған аса мән бермеген болуларыңыз мүмкін-ау… Рас, ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ КӨКТЕРЕК

Бұрын Қабырға өзенi  көктемде бұрқ-сарқ тасып, жаздың аяғында суы азайып, кей тұстары ойдым-ойдым қара суға айналып, кей жерлерi тiптi құрғап қалғанда, жұрт өзен табанына киiз үй тiгiп алатын едi дейтiн қариялар. Ол бiз үшiн баяғы заман секiлдi. Бiздiң тұсымызда Қабырға өзенi Зауыт тұсынан бөгелген. Бөгеттiң бауырында жайқалып қалың тал өскен. Ту сыртынан қарағанда  бөгеттiң зор тұлғасы бар биiгiмен көрiнiп, табиғаттың ...

Толығырақ »