Таспа

ganibet

Құтан әулиенің кереметі

Арқалық қаласына алғаш көшіп келген кезде қала өміріне үйрене алмай, уақытты қалай өткізуді, не істеу керектігін білмей әрі ауылдағы туған жерге деген сағыныш қосылып, көніл құлазып жүрген кез еді. Бірде сағыныш сезімді басу үшін әрі ағамызға сәлем беру ниетімен өзімізбен қатар көшіп келген Зәкен ағайдың үйіне кемпіріміз екеуміз келдік. Келсек, ағай жолға дайындалып жатыр екен. Бір ініміздің баласы екі-үш жыл ...

Толығырақ »

Тарихи өлең тағдыры

Күдері Жолдыбайұлы – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне белсене қатысқан жауынгер ақын. Оның жалынды жырлары көтерісшілер рухын көтеріп, жеңіске жігерлендірген. Академик Қажым Жұмалиев «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті» кітабында Сейдахмет, Күдері, Ақмолда, Нұржан ақындардың кейбір шығармаларының идеялық-көркемдік жақтарының жақсаруына Ыбырайдың ықпалы тигені сөзсіз екенін айта келіп: «1879-1880 жылдары болған «Жалпақ қоян» атты жұтты суреттейтін ұзақ өлеңін Күдері ақын Ыбырайдың кеңесімен жазады. Оның ...

Толығырақ »

Сәби туралы сыр

(Эссе)  Отан отбасынан басталады. Отбасы – өзің, жарың, балаң.  Яғни, отбасының жауапкершілігі – бүкіл отанға деген жауапкершілік. Бірақ үйленгенде осының бәрін ойлап жатпайсың. Жұрт үйленіп жатқан соң, бір қызбен көңілің жарасқан соң, үйленесің. Ата-ананы қуанттың, өзің мәз болдың. Бір-біріңді қызықтап жүргенде бір күні жеті түнде жарың құлағыңа сыбырлап: «Біз үшеу болатын болдық», –  дейді. Сен түсінбей аң-таң боласың. Оған жарың ...

Толығырақ »

Жасасын жемқорлық!

«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дейді. Дәл осының дұрыс сөз екеніне білдей бір университеттің журналистика факультетінің студенті атанған күні көзім жеткен еді. Сөзімнің сиқына қарап әкемді дөкейлердің бірі екен деп қалмаңыз. Жоқ, әкем әліпті таяқ деп білгенімен, саналы ғұмырының төрт жылын қозы бағып, қалған қырық төрт жылында қой баққан қазақ. Баяғы сапқоздың көп қойынан тігерге тұяқ қалмай, жұрт ...

Толығырақ »

Қойшығұл

(әңгіме) Елуiншi жылдардың ортасы. Бiздiң бала кезiмiз. Ауылымыз кең-байтақ қазақ даласының бiр түкпiрiнде, аудан орталығынан алшақтау болғандықтан өсе алмай, баяғы мешеу күйiнде қалып қойған, әртүрлi тарихи-әлеуметтiк апаттардан зардапты көбiрек шеккен, ескерусiз ескi мүлiктей көзден таса, жабайылау, жадаулау ел едi. Кино, концерт дегендер бiздер үшiн ертегiмен бiрдей. Жан дүниемiзде әлдебiр рухани аштықтың белгiсi сезiлетiн. Ауданға облыстан әртiстер келiптi деген хабар естiсек, ...

Толығырақ »

Думан РАМАЗАН; жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты: Қаламгер үшін ең үлкен бақыт – ұлтына адал қызмет ету

– Думан аға, сіз қазір елге танымал қаламгерсіз. Есіміңіз елдің аузында жүр. Зырғыған уақытпен бірге атақ-абыройыңыз да артып келеді. Шығармаларыңызды жұрт сүйіп оқиды, оқырмандарыңыз көп. «Сырт көз – сыншы» дегендей, оның бәрін көріп, біліп, бақылап жүрміз. Сондықтан да алғашқы қояр сауалымыз, жазушылық жолға қалай түстіңіз? Әдебиет әлемінде жарық жұлдыз болып жану бала кезгі арманыңыз ба, жоқ әлде ақыл тоқтатқаннан кейін ...

Толығырақ »

Күлкі керуені

         Мен де 1 сәуірге ыңғайлап бірдеңе түрте отырайыншы… Сатираның садағын кейбір әуесқойлар сияқты тышталаң-тышталаң етпей, шірене тартқан Сейіт Кенжеахмет көкем: «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкі болу – өлім», – деп еді-ау!.. «Менен бұрын айтып қойғанын қарашы-ей!» деп бетке күлімдей қарап, сырттай жаныңызды жеп айтатын өкінішіңіз ғана болмаса, бұл тәуір тіркесті теріске шығара алмайсыз. Ал Лев ...

Толығырақ »

Естен кетпес емтихан

 (Эссе)  Үздікке қойылған «үштік» Қаламы жоқ жазбаған, Көмбесі жоқ қазбаған. Көз өтті ме, бір күні, «Гостан» құлай жаздаған. (Журналистік фольклордан) Журфактың өзіне жетерлік аңыз әңгімелері баршылық. Бірінші курсқа оқуға түскендер сол адам айтқысыз аңыздардың арасында әбден малтығып қалады. Мұндай маңызды «мифтердің» көпшілігі оқу бітіріп кеткендер немесе жоғары курстың студенттері жайлы болып келеді. Сондайда тілге тиек болатын жәйттің бірі – ілгеріде ...

Толығырақ »

Доспамбет жырау мен Гогольдің арасында қандай байланыс бар?

                    Азаулы бұлақ басы тең Азаулының Стамбұлдан несі кем, Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ Би ұлынан несі кем! Тәңірінің өзі берген күнінде  Хан ұлынан артық еді менің несібем! Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байланғаны жоқ еді! Бұл – Доспамбет жыраудың шығармасынан үзінді ...

Толығырақ »

Қонақжайлықты қойсақ қайтеді?..

Дүние жүзінде дәл қазақ халқындай қонақжай халық жоқ шығар. Қонақжайлығыз сондай, соңғы малымызды сойып беріп, аузымыздан (бала-шағамыздың аузынан) жырып, «қонақтың» алдына дастархан жаямыз, бар тәттімізді соларға тосамыз. Олармен соңғы күлшемізді бөліп жейміз. Өз тарихымызды қарап отырсақ, қазақ жеріне ауып келген не сұрқия саясаттың құрбаны болып амалсыз көшіп не көшіріліп келген мың-миллиондаған өзге ұлт өкілі осы күні еліміздің барлық аумағында қазақпен ...

Толығырақ »