ganibet

«Төрт сиырымды алып кетті…»: Қостанайлықтар малдарының бруцеллез деген желеумен етке өткеніне наразы

Бруцеллез деген желеумен бар малымызды құртып жатыр. Қостанай облысындағы Белозеров елді мекенінің тұрғындары бізге осылай деп шағымданды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Соңғы жылда бұл ауылдан жүз бас ірі қара мәжбүрлі түрде етке өткізілген. Қан тексерісі кезінде бруцеллез анықталғанымен, кейін ПТР сараптамасы ол диагнозды жоққа шығарды дейді жергілікті тұрғындар. Сондықтан малдарының нақты ауру екеніне сенімсіздік білдіріп отыр. ...

Толығырақ »

Қостанай облысының 7 ауданында көппәтерлі тұрғын үйлер салынады

Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында құрылыс саласында 5,1 млрд теңгеге 14 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықовтың айтуынша, биыл өңірде тұрғын үй саласы бойынша 7 ауқымды жоба іске асырылады. «Жобалар Амангелді, Денисов, Наурызым, Федоров, Жітіқара, Меңдіқара ...

Толығырақ »

Облыс дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасын орындау үшін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов дәріхана желілері мен көтерме сату фирмаларының басшыларымен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс басшыларына толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі ірі дәріхана желілерінің басшыларымен кездесіп, жұмыс ...

Толығырақ »

Жұрт жұмысты интернеттен іздейді: Елімізде екі қолға бір күрек таппағандар саны 442 мыңнан асты

Биыл бірінші тоқсанда елімізде 442, 4 мың жұмыссыз тіркеліпті. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің шамамен 40%-ы немесе 176,3 мыңы ауылдық жерлерде тұрады деп жазады BAQ.KZ. Finprom.kz сайтының хабарлауынша, елдегі халықтың жұмыспен қамтылмауының негізгі себептері жұмыстан өз еркімен босау (110, 5 мың адам) және жұмыс табу мүмкіндігінің болмауы (102,4 мың адам) салдарынан екен. Талданып отырған кезеңде 125, 4 мың адамның ...

Толығырақ »

Қостанайда 120-дан астам ірі дәріхана желісі жұмыс істейді — Архимед Мұхамбетов

Қостанай қалалық ауруханасы толығымен провизорлық стационар ретінде жасақталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифинг барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, медициналық ұйымдардағы төсек-орындарды бөлу қайта қаралды. Қазіргі уақытта инфекцияға қарсы тұру үшін 1668 төсек-орын дайындалды. Оның ішінде 1084-і — провизорлық. Қазір Қостанай қалалық ауруханасы толығымен провизорлық ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 81 медицина қызметкері індет жұқтырған

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі ахуал туралы хабарлады. Әкімнің айтуына қарағанда, Қостанай облысында COVID-19 вирусына қарсы жүйелі шаралар қолданылып жатыр. Биыл 8 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1203 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 625-сі – симптомдық, 578-сі – симптомсыз. Ал 359 науқас ауруынан жазылып шыққан. «Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясынан өлім-жітімнің 6 жағдайы тіркелді. ...

Толығырақ »

Қостанай қаласының әкімі де коронавирусқа шалдықты

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те COVID-19 індетіне шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке қарай, Covid-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, ...

Толығырақ »

Қостанай әкімінің орынбасары лауазымын асыра пайдаланған деген күдікке ілінді

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің өзге де лауазымды тұлғалары лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігіне ілігіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов хабарлады. «Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай қаласы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар жер телімінің нысаналы мақсатын дүкеннің ...

Толығырақ »

Қостанай облысының әкімі COVID-19-дан жазылып шықты

Бұл туралы облыс әкімі инстаграмдағы парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   «Құрметті қостанайлықтар! Менің COVID-19-ға тапсырған сынағым теріс нәтиже көрсетті және бүгіннен бастап жұмысқа кірістім. Өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақырамын» деді Архимед Мұхамбетов. Сондай-ақ әкім барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істегендері үшін алғыс айтып, барша жұртқа зор денсаулық және амандық тіледі. Естеріңізде болса, бұған дейін Қостанай облысының әкімі ...

Толығырақ »

Арқалықта қайтыс болғандар 5 литрлік арақтан уланған

Қостанай және Ақмола облыстарында 15 адам қолдан жасалған алкогольден уланып, қайтыс болды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Қостанай облысының Арқалық қаласында 3-4 шілде күндері «этанолдың уытты әсері» диагнозымен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін олардың 11-і қайтыс болған. Осы уақытта Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа-Қима кентінде 4 адам көз жұмған. Өлімнің болжамды себебі — жалпы ...

Толығырақ »